Туризм және тұрақты даму

Бағдарламасы туралы

  • Білім беру бағдарламасы тұрақты туризм үдерістерін іргелі зерттеуге бағытталған. Тұрақты туризм - бұл қоғамдағы қажеттіліктерді қанағаттандыратын, қол жеткізген жетістіктерді сақтайтын және болашақ өсу мүмкіндіктерін арттыратын туризмнің бір бағыты.

    Бағдарламаның тартымдылығы бұл, дағдарыстарға, саяси жағдайларға, дамудың белгілі бір векторларының тұрақты өзгеруіне қарамастан, дамудың таңқаларлық пропорционалды өсуін сақтайтын экономиканың бірнеше салаларының бірі ретінде туризмге бағытталған. Бағдарлама теорияны практикамен үйлесімді үйлестіреді, туризм саласының басқарушылық және іскерлік аспектілеріне, заманауи маркетингтік құралдарды қолдануға назар аударады және қаржы мен маркетингтен бастап туристік бизнесті/туристік қоғамдастықты басқаруға дейін, соның ішінде Люкс сегментінде әртүрлі тақырыптарды

    қамтиды.

Сізді не күтеді:

- осы саланың белгілі профессорларының (отандық және шетелдік) дәрістері, туризм және қонақжайлылық нарығындағы практиктерінің, шетелдік серіктестердің мастер-кластары;

- туризм орталықтары мен 5* қонақ үйлердегі халықаралық тағылымдамалар мен практика;

- еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілікті арттыру үшін дипломға қосымша

сертификаттар;

- туризм және қонақжайлылық саласындағы ең өзекті тақырыптар бойынша зерттеу жұмыстары.


Біздің оқытушылар саланың жұмыс істеу құрылымын терең түсінуге қажетті негізгі құзыреттерге ие, креативті ойлауға және стандартты емес басқарушылық шешімдер қабылдауға үйретеді. Магистранттар туризмнің экономикалық, әлеуметтік-мәдени ортаға әсерін талдай алады және туризм саласын тұрақты дамытуға және тұтынушыға сапалы қызмет көрсетуге бағытталған стратегияларды жасай алады!

Оқуды аяқтағаннан кейін сіз:

- туризм нарығына, сондай-ақ туризм және қонақжайлылық кәсіпорнындағы бизнес үдерістерге зерттеу және талдау жүргізу немесе өз білімдеріңізді беру арқылы университетте/колледжде жұмыс істей аласыз;

- сұранысқа ие кешенді туристік өнімді жоспарлау және әзірлеу, туристік пакетті құрастыра аласыз;

- турфирмада/қонақүйде сервистік операцияларды басқару, жоғары сервиске бағдарлана отырып, әр түрлі сұраныстары бар клиенттерге қызмет көрсету алгоритмін құра аласыз;

- өз кәсіпорныңызды/бизнесіңізді ашу, оның стратегиясын әзірлеу және мақсаттар мен міндеттерді іске асыруға дәйекті қол жеткізе алу;

- ұйымшыл команданы қалыптастыруға бағытталған корпоративтік мәдениетті

қалыптастыра отырып, жаңа тәсілдер мен технологиялар негізінде өз кәсіпорнының персоналын басқару.

Оқуды аяқтағаннан кейін сіз жұмыс істей аласыз:

- туризмді басқару, сондай-ақ қонақжайлылық саласында: мемлекеттік органдар, туристік бизнес, нарықтың мейрамхана және қонақ үй сегментінде;

- білім беру ұйымдарында: университеттерде, академиялар мен колледждерде;

- өз ісіңізді ашып, кәсіпкер бола аласыз.

Нақтырақ бағдарлама бойынша:
  • Оқуға түсу талаптары: қызмет көрсету саласындағы бакалавр дәрежесі;
  • Оқу тілі: ағылшын, қазақ, орыс тілі;
  • Оқу форматы: кешкі +толық сенбі күні;
  • Оқу ұзақтығы: 2 жыл (ғылыми-педагогикалық бағдар);
  • PhD түсу мүмкіндігі.