«Нархоз университеті» КЕАҚ Цифрлық технологиялар мектебіне Академиялық үйлестіруші бос лауазымына конкурс жариялайды.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Еңбек өтілі кемінде 2 жыл;
MS Office бағдарламаларымен жұмыс істеу дағдылары (міндетті);
Мемлекеттік және орыс тілдерін еркін меңгеру (міндетті).
Мектептің оқу-әдістемелік жұмысын жоспарлауға және жүзеге асыруға қатысу;
Мектептің оқу үдерісін ұйымдастыруға қатысу, оқу жоспарларының мазмұнын бақылау, студенттерді тіркеуді үйлестіру, сабақ кестесін бақылау;
Университеттің ішкі ақпараттық жүйелерімен (Canvas, Platonus және т.б.) жұмыс істеу, оқу үдерісін ұйымдастыру және сүйемелдеу;
Мектептегі білім беру және ғылыми іс-шараларды ұйымдастыруға және үйлестіруге көмек көрсету;
Мектептің қызметіне қатысты құжаттар мен есептерді дайындау;
Басшылық, мектеп, студенттер және басқа мүдделі тараптар арасындағы байланыс пен коммуникацияны қамтамасыз ету;
Мектептің студенттер мен қызметкерлер деректер базасымен (ӘӘП, ОПҚ) өзара әрекеттесу;
Мектептің жиналыстары мен кездесулерін ұйымдастыру және қатысу;
Мектептің құжаттарымен жұмыс істеу, іс қағаздарын жүргізуді үйлестіру;
Мектептің оқу-әдістемелік жұмысы бойынша координаторға жүктелген басқа міндеттерді орындауды қамтамасыз ету.
Ағылшын тілін білу;
IT/Ақпараттық қауіпсіздік/Математика немесе статистика саласында білім;
Командалық жұмысты ұйымдастыру тәжірибесі;
LMS Canvas, ZOOM, Platonus платформаларымен жұмыс істеу дағдылары;
Білім беру ұйымдары мен корпоративтік секторда жұмыс тәжірибесі;
Жеткізушілермен, мердігерлермен және клиенттермен келісімшарттар жасау;
Жұмыстарды орындау кестелерін жасау және олардың орындалу мерзімдерін бақылау.
Конкурс "Нархоз университеті" КЕАҚ лауазымдарын конкурстық ауыстыру қағидаларына сәйкес өткізіледі.
Конкурсқа қатысушы тұлғалар университет Президентінің атына өтініш (еркін нысанда) береді. Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі: еркін нысандағы түйіндеме (CV); бір жоларалық интервал арқылы, көлемі 12 немесе 14 Times New Roman шрифтімен жазылған екі беттен аспайтын уәждемелік хат; ұсынылатын мәліметтерді тексеруге жазбаша келісім.
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты, сондай-ақ жұмыс тәжірибесі мен біліктілігін растайтын құжаттарды ұсынуға құқылы.
Университет барлық адамдарға нәсіліне, ұлтына, дініне, жынысына, азаматтығына, жасына, мүгедектігіне, саяси қатыстылығына немесе отбасылық жағдайына қарамастан жұмысқа орналасу кезінде тең мүмкіндіктер мен әділ тең жағдайлар ұсынады.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар электрондық поштаға ұсынылуы тиіс: hr@narxoz.kz.
Анықтама телефоны: 8 (727) 377-12-15
Отправить заявку
Байланыс ақпараты
Мекенжай
050035 Казахстан, Алматы қ., Жандосова көш., 55 үй, 132 каб.