«Нархоз университеті» КЕАҚ Цифрлық технологиялар мектебіне Ассистент профессор бос лауазымына конкурс жариялайды.
Ақпараттық технологиялар, ақпараттық қауіпсіздік немесе ұқсас сала бойынша PhD немесе Ғылым кандидаты дәрежесі (Қазақстанның немесе шетелдің танылған аккредиттелген жоғары оқу орны) болуы қажет. «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқыған тәжірибе артықшылық болып табылады;
Оқыту және/немесе ғылыми-зерттеу қызметіндегі тәжірибе (ең кемі 2 жыл болған жөн);
Ғылыми жарияланымдардың болуы, ғылыми-зерттеу жобаларына қатысу, студенттерді ғылыми-тәжірибелік конференцияларға дайындау тәжірибесі артықшылық болып саналады;
Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу және тәрбие жұмысын жүргізу тәжірибесі артықшылық болып табылады;
«Ақпараттық технологиялар», «Математика және статистика» бағыттары бойынша білім беру бағдарламаларын әзірлеу және жылжыту тәжірибесі құпталады;
Қазіргі заманғы бағдарламалау тілдерін меңгерген (мысалы, C++, Java, Python және т.б.);
Мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерін меңгерген.
Университеттің, мектептің даму стратегияларын, білім беру бағдарламаларын және басқа жоспарлы және стратегиялық құжаттарды жүзеге асыруға белсенді қатысады.
Уақытты басқару мен орындаушылық тәртіптің жоғары деңгейін көрсетеді.
Оқушылардың қажеттіліктерін жүзеге асыру үшін қолайлы білім беру ортасын дамытуға белсенді қатысады.
Лауазымға сәйкес педагогикалық жүктемені толық көлемде орындайды.
Бағдарлама, департамент және университеттің барлық қызмет түрлеріне қатысады.
Білім беру бағдарламаларын, силлабустарды, әдістемелік материалдарды дербес әзірлейді және олардың әзірленуін басқарады, нормативтік-құқықтық актілер мен жоғары оқу орнының ішкі құжаттары арасындағы байланысты түсінеді.
Электрондық оқулықтар мен құралдарды әзірлейді және олардың әзірленуін басқарады.
Оқу пәндерінің бағдарламаларын және оларға қатысты ресурстарды әзірлейді және олардың әзірленуін басқарады (студенттерді қызықтыратындай, мәселелік және сыни ойлауды дамытатын, олардың қажеттіліктері мен мүмкіндіктеріне сай болуы үшін).
Оқыту және оқыту әдістерін, соның ішінде ақпараттық технологияларды пайдаланып, әзірлейді, бейімдейді және қолданады.
Аралас және қашықтықтан оқыту технологияларын қолданады және дамытады.
Жоғары мектеп дидактикасы мен арнайы саладағы білімді біріктіру негізінде университетте барлық сабақ түрлерін дербес өткізеді.
Білім беру процесінде инклюзивтілікті қамтамасыз етуге ықпал етеді.
Заманауи жабдықтарды, техникалық құралдарды, бағдарламалық қамтамасыз етуді қолданады.
Арнайы салада, кәсіби білім беру теориясы мен әдістемесінде жаңа білімдерді дербес дамытады.
Ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысады, ғылыми-зерттеу жобаларына қатысады, қазақстандық немесе шетелдік танылған рецензияланған ғылыми журналдарда ғылыми мақалалар жариялайды.
Ғылыми зерттеулердің нәтижелерін әлеуметтік, экономикалық және экологиялық салдарлар тұрғысынан енгізудің ықтимал нәтижелерін болжайды.
Студенттердің, магистранттардың, докторанттардың ғылыми зерттеулеріне жетекшілік етеді.
Зерттеу нәтижелерін практикалық педагогикалық қызметке дербес енгізеді.
Жыл сайын кәсіби нәтижелер мен жетістіктерге шолу жасауға, оқыту сапасын мониторингілеу мен бағалауға қатысады.
Университет, мектеп, департамент, бағдарлама деңгейінде кәсіби даму және біліктілікті арттыру бастамаларына қатысады.
Жұмыс берушілерді, кәсіби бірлестіктердің өкілдерін, ғылыми ұйымдарды, шетелдік серіктестерді оқу-тәрбие процесіне тартады.
Ғылыми комитеттердің, журналдардың жұмысына, сондай-ақ Нархоз университетінде ғылыми семинарлар мен конференцияларды ұйымдастыруға және өткізуге қатысады.
Университеттің имидждік жобалары мен іс-шараларына қатысады.
Оқытылатын курс (пән) бойынша оқу бағдарламасының мазмұнын білу.
Коммуникабельділік
Командада жұмыс істей білу
Стратегиялық ойлау қабілеті
Бастамашылдық
Жауапкершілік
Көшбасшылық қасиеттер
Конкурс "Нархоз университеті" КЕАҚ лауазымдарын конкурстық ауыстыру қағидаларына сәйкес өткізіледі.
Конкурсқа қатысушы тұлғалар университет Президентінің атына өтініш (еркін нысанда) береді. Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі: еркін нысандағы түйіндеме (CV); бір жоларалық интервал арқылы, көлемі 12 немесе 14 Times New Roman шрифтімен жазылған екі беттен аспайтын уәждемелік хат; ұсынылатын мәліметтерді тексеруге жазбаша келісім.
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты, сондай-ақ жұмыс тәжірибесі мен біліктілігін растайтын құжаттарды ұсынуға құқылы.
Университет барлық адамдарға нәсіліне, ұлтына, дініне, жынысына, азаматтығына, жасына, мүгедектігіне, саяси қатыстылығына немесе отбасылық жағдайына қарамастан жұмысқа орналасу кезінде тең мүмкіндіктер мен әділ тең жағдайлар ұсынады.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар электрондық поштаға ұсынылуы тиіс: hr@narxoz.kz.
Анықтама телефоны: 8 (727) 377-12-15
Отправить заявку
Байланыс ақпараты
Мекенжай
050035 Казахстан, Алматы қ., Жандосова көш., 55 үй, 132 каб.