«Нархоз университеті» КЕАҚ Цифрлық технологиялар мектебіне Қауымдастырылған профессор бос лауазымына конкурс жариялайды.
Ақпараттық технологиялар, ақпараттық қауіпсіздік, математика, статистика немесе осыған ұқсас салалар бойынша аккредиттелген қазақстандық немесе шетелдік университеттің PhD, ғылым кандидаты немесе ғылым докторы дәрежесі. «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқу тәжірибесі артықшылық болып табылады;
Қазіргі заманғы бағдарламалау тілдерін (мысалы, С++, Java, Python және т.б.) және/немесе математикалық модельдеу құралдарын немесе деректерді статистикалық өңдеу әдістерін меңгеру;
Оқытушылық және/немесе ғылыми-зерттеу жұмысы бойынша кемінде 2 жылдық тәжірибе болғаны жөн;
Ағылшын тілін меңгергені құпталады;
Мақалалар жариялау, ғылыми-зерттеу жобаларына қатысу, студенттерді ғылыми-практикалық конференцияларға дайындау тәжірибесі артықшылық болып табылады;
Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу және тәрбие жұмыстарын жүргізу тәжірибесі артықшылық болып табылады;
«Ақпараттық технологиялар» және «Математика мен статистика» бағыттары бойынша білім беру бағдарламаларын әзірлеу және жылжыту тәжірибесі артықшылық болып табылады;
Қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды қолдану арқылы өндіріске енгізілген немесе іске қосуға дайындалып жатқан қосымшаны немесе бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеуге қатысу тәжірибесі артықшылық болып табылады.
Университеттің, мектептің даму стратегияларын, білім беру бағдарламаларының даму жоспарларын және басқа да жоспарлы және стратегиялық құжаттарды іске асыруға белсенді қатысады;
Тайм-менеджмент пен орындаушылық тәртіптің жоғары деңгейін көрсетеді;
Білім алушылардың қажеттіліктерін іске асыру үшін қолайлы білім беру ортасын дамытуға белсенді қатысады;
Лауазымына сәйкес келетін педагогикалық жүктемені толық көлемде орындайды;
Бағдарлама, департамент және университет қызметінің барлық түрлеріне қатысады;
Білім беру бағдарламаларын, силлабустарды, әдістемелік материалдарды өз бетінше әзірлейді және олардың әзірленуіне басшылық етеді, нормативтік-құқықтық актілер мен университеттің ішкі құжаттарының өзара байланысын түсінеді;
Электрондық оқулықтар мен оқу құралдарын әзірлейді және олардың әзірленуіне басшылық етеді;
Студенттердің қызығушылығын тудыратын, нақты практикалық міндеттерге негізделген, сыни ойлауды дамытатын және олардың қажеттіліктері мен мүмкіндіктеріне сәйкес келетін пәндік бағдарламаларды және оларға байланысты ресурстарды әзірлейді және олардың әзірленуіне басшылық етеді;
Ақпараттық технологияларды, аралас және қашықтықтан оқыту технологияларын пайдалана отырып, оқыту және оқыту әдістерін жасайды, бейімдейді және қолданады;
Өзінің мамандану саласы мен жоғары білім дидактикасы саласындағы білімдерді біріктіру негізінде барлық оқу түрлерін дербес жүргізеді;
Білім беру процесінде инклюзивтілікті қамтамасыз етуге ықпал етеді;
Қазіргі заманғы жабдықтарды, техникалық құралдарды, бағдарламалық жасақтамаларды пайдаланады;
Мамандану саласында, кәсіптік білім беру теориясы мен әдістемесінде жаңа білімдерді дербес дамытады;
Ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді, ғылыми-зерттеу жобаларына қатысады, мойындалған қазақстандық немесе шетелдік рецензияланған ғылыми журналдарда ғылыми мақалалар жариялайды;
Ғылыми зерттеулердің нәтижелерін әлеуметтік, экономикалық, экологиялық және технологиялық салдарлар контексінде практикаға енгізуді болжайды;
Студенттердің, магистранттардың, докторанттардың ғылыми зерттеулерін басқарады;
Зерттеу нәтижелерін практикалық педагогикалық қызметке дербес енгізеді;
Кәсіби нәтижелер мен жетістіктерді жыл сайынғы шолуға, оқыту сапасын мониторингтеуге және бағалауға қатысады;
Университет, мектеп, департамент және бағдарлама деңгейінде кәсіби даму және біліктілікті арттыру бастамаларына қатысады;
Білім беру және тәрбие процесіне жұмыс берушілерді, кәсіби бірлестіктердің өкілдерін, ғылыми ұйымдарды, шетелдік серіктестерді тартады;
Ғылыми комитеттер, журналдар жұмысына, сондай-ақ Нархоз университетіндегі ғылыми семинарлар мен конференцияларды ұйымдастыру мен өткізуге қатысады;
Университеттің имидждік жобаларына/іс-шараларына қатысады.
Оқытылатын курс (пән) бойынша оқу бағдарламасының мазмұнын.
Коммуникабельділік;
Командада жұмыс істей білу;
Стратегиялық ойлау қабілеті;
Бастамашылық;
Жауапкершілік;
Көшбасшылық қасиеттер
Конкурс "Нархоз университеті" КЕАҚ лауазымдарын конкурстық ауыстыру қағидаларына сәйкес өткізіледі.
Конкурсқа қатысушы тұлғалар университет Президентінің атына өтініш (еркін нысанда) береді. Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі: еркін нысандағы түйіндеме (CV); бір жоларалық интервал арқылы, көлемі 12 немесе 14 Times New Roman шрифтімен жазылған екі беттен аспайтын уәждемелік хат; ұсынылатын мәліметтерді тексеруге жазбаша келісім.
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты, сондай-ақ жұмыс тәжірибесі мен біліктілігін растайтын құжаттарды ұсынуға құқылы.
Университет барлық адамдарға нәсіліне, ұлтына, дініне, жынысына, азаматтығына, жасына, мүгедектігіне, саяси қатыстылығына немесе отбасылық жағдайына қарамастан жұмысқа орналасу кезінде тең мүмкіндіктер мен әділ тең жағдайлар ұсынады.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар электрондық поштаға ұсынылуы тиіс: hr@narxoz.kz.
Анықтама телефоны: 8 (727) 377-12-15
Отправить заявку
Байланыс ақпараты
Мекенжай
050035 Казахстан, Алматы қ., Жандосова көш., 55 үй, 132 каб.