«Нархоз университеті» КЕАҚ Цифрлық Технологиялар мектебіне профессор лауазымына бос орынға конкурс жариялайды.
PhD, Ғылым кандидаты немесе Ғылым докторы дәрежесі танылған (аккредиттелген қазақстандық немесе шетелдік жоғары оқу орындарынан, ақпараттық технологиялар, ақпараттық қауіпсіздік, математика, статистика немесе туыстас салалар бойынша). «Болашақ» бағдарламасы бойынша білім алу тәжірибесі артықшылық болады;
Қазіргі бағдарламалау тілдерін (мысалы, C++, Java, Python және т.б.) және/немесе математикалық моделдеу немесе статистикалық деректерді өңдеу құралдарын меңгеру;
Оқу процесі мен ғылыми-зерттеу жұмыстарында кем дегенде 2 жылдық тәжірибе болуы артықшылық;
Ағылшын тілін меңгеру артықшылық болады;
Публикациялардың болуы, ғылыми-зерттеу жобаларына қатысу, студенттерді ғылыми-практикалық конференцияларға дайындау тәжірибесі артықшылық болады;
Жоғары оқу орындарында және (немесе) жоғары білімнен кейінгі оқу орындарында оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу, тәрбие жұмыстары тәжірибесі артықшылық болады;
«Ақпараттық технологиялар» және «Математика және статистика» бағыттары бойынша оқу бағдарламаларын әзірлеу және енгізу тәжірибесі артықшылық болады;
Қазіргі ақпараттық технологияларды қолдану арқылы өндіріс үшін енгізілген немесе іске қосылуға дайын бағдарламалық қамтамасыздандыру немесе қосымша әзірлеуге қатысу тәжірибесі артықшылық болады.
Университеттің, мектептің, оқу бағдарламаларының даму стратегияларын, сондай-ақ басқа жоспарлы және стратегиялық құжаттарды іске асыруға белсене қатысады;
Уақытты басқару және атқарушылық тәртіптің жоғары деңгейін көрсетеді;
Студенттердің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қолайлы білім беру ортасын дамытуға белсене қатысады;
Лауазымға сәйкес педагогикалық жүктемені толық орындайды;
Бағдарлама, департамент және университеттің барлық түрдегі іс-шараларына қатысады;
Оқу бағдарламаларын, силлабустарды және әдістемелік материалдарды дербес әзірлейді және әзірлеуді басқарады, нормативтік құқықтық актілер мен университеттің ішкі құжаттарының өзара байланысын түсіне отырып;
Электрондық оқулықтар мен оқу құралдарын әзірлеуді және әзірлеуді басқарады;
Студенттерді қызықтыратын, нақты практикалық міндеттерге сүйенетін, сын тұрғысынан ойлауды дамытатын және студенттердің қажеттіліктері мен мүмкіндіктеріне сәйкес келетін пән бағдарламаларын және оларға байланысты ресурстарды әзірлейді және басқарады;
Ақпараттық технологияларды, аралас және қашықтықтан оқыту технологияларын қолдана отырып, оқыту және оқу әдістерін таңдап, бейімдейді және қолданады;
Специализация және жоғары білім беру дидактикасы саласындағы білімді біріктіре отырып, барлық сабақ түрлерін дербес өткізеді;
Білім беру процесінде инклюзивтілікті қамтамасыз етуге жәрдемдеседі;
Заманауи жабдықты, техникалық құралдарды, бағдарламалық қамтамасыз етуді қолданады;
Теориялық және практикалық білімді зерттеу міндеттерін қою және шешу үшін дербес пайдаланады;
Кәсіби нәтижелер мен жетістіктерді жыл сайынғы қарау, оқытудың сапасын мониторингтеу және бағалауға қатысады;
Университет, мектеп, департамент, бағдарлама деңгейінде кәсіби даму және біліктілікті арттыру шараларына қатысады;
Оқу-тәлімгерлік процесіне жұмыс берушілерді, кәсіби бірлестіктерді, ғылыми ұйымдарды және халықаралық серіктестерді тартады;
Ғылыми комитеттерде, журналдарда жұмыс істейді, сондай-ақ Нархоз университетінде ғылыми семинарлар мен конференциялар ұйымдастыруға және өткізуге қатысады;
Университеттің имиджін қалыптастыру жобалары мен іс-шараларына қатысады.
Оқытылатын курс (пән) бойынша оқу бағдарламасының мазмұнын.
Коммуникабельділік
Командада жұмыс істей білу
Стратегиялық ойлау қабілеті
Бастамашылдық
Жауапкершілік
Көшбасшылық қасиеттер
Конкурс "Нархоз университеті" КЕАҚ лауазымдарын конкурстық ауыстыру қағидаларына сәйкес өткізіледі.
Конкурсқа қатысушы тұлғалар университет Президентінің атына өтініш (еркін нысанда) береді. Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі: еркін нысандағы түйіндеме (CV); бір жоларалық интервал арқылы, көлемі 12 немесе 14 Times New Roman шрифтімен жазылған екі беттен аспайтын уәждемелік хат; ұсынылатын мәліметтерді тексеруге жазбаша келісім.
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты, сондай-ақ жұмыс тәжірибесі мен біліктілігін растайтын құжаттарды ұсынуға құқылы.
Университет барлық адамдарға нәсіліне, ұлтына, дініне, жынысына, азаматтығына, жасына, мүгедектігіне, саяси қатыстылығына немесе отбасылық жағдайына қарамастан жұмысқа орналасу кезінде тең мүмкіндіктер мен әділ тең жағдайлар ұсынады.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар электрондық поштаға ұсынылуы тиіс: hr@narxoz.kz.
Анықтама телефоны: 8 (727) 377-12-15
Отправить заявку
Байланыс ақпараты
Мекенжай
050035 Казахстан, Алматы қ., Жандосова көш., 55 үй, 132 каб.