"Нархоз университеті" КЕАҚ Цифрлық технологиялар мектебінің оқытушысы бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.
Танымал аккредиттелген қазақстандық немесе шетелдік жоғары оқу орнының ақпараттық технологиялар, ақпараттық қауіпсіздік, математика, статистика немесе соған байланысты салалардағы академиялық магистр дәрежесінің, не көрсетілген салалардағы жоғары білім дәрежесінің және мамандығы бойынша кемінде бір жыл тәжірибелік жұмыс өтілінің болуы;
Қазіргі заманауи бағдарламалау тілдерін меңгеруі (мысалы,С++, Java, Python және т. б.) және/немесе математикалық модельдеу немесе статистикалық деректерді өңдеу құралдарын меңгеруі;
Ағылшын тілін меңгерген жөн;
Оқытушылық және/немесе ғылыми-зерттеу жұмысы тәжірибесінің болуы қалауырақ;
Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу, тәрбие жұмысын жүргізу тәжірибесінің болуы қалауырақ болып табылады;
«Ақпараттық технологиялар» мен «Математика және статистика» бағыттары бойынша білім беру бағдарламаларын әзірлеу мен дамыту жұмыстарына қатысу тәжірибесі артығырақ болып табылады.Міндеттемелері мен міндеттері:·
Университеттің, мектептің даму стратегияларын, білім беру және басқа да жоспарлы бағдарламалардың, стартегиялық құжаттардың даму жоспарларын іске асыру жұмысына белсенді қатысады;
Тайм-менеджмент пен орындаушылық тәртіптің жоғары деңгейін көрсетеді;· Білім алушылардың қажеттіліктерін іске асыру ушін білім беру ортасындағы қолайлы ортаны дамытуға ықпал етеді;
Лауазымына сәйкес педагогикалық жүктемені толық көлемде орындайды;· Университеттің, департаменттің және бағдарламаның барлық қызмет түрлеріне қатысады;
Әріптестермен өзара іс-әрекет жасай отырып, ҚР МЖМБС, бағдарлама паспорттары, элективті пәндер каталогтары, Академиялық күнтізбе, силлабустар, басқа да сыртқы және ішкі құжаттар арасындағы байланысты түсіне отырып, әдістемелік материалдарды әзірлеуге қабілетті;
Электрондық оқулықтар, құралдар әзірлеуге қатысады;
Студенттерді қызықтыратын, нақты практикалық міндеттерге сүйенетін, сыни ойлауды дамытатын және студенттердің қажеттіліктері мен мүмкіндіктеріне сәйкес келетін оқу пәндерінің бағдарламаларын және олармен байланысты ресурстарды әзірлеуге және жүзеге асыруға қабілетті;
Білім беру мен оқыту әдістерін, оның ішінде ақпараттық технологияларды, аралас және қашықтықтан оқыту технологияларын қолдана отырып таңдауға, бейімдеуге және қолдануға қабілетті;
Әзірленген және бекітілген әдістемелік нұсқаулардың талаптарын ескере отырып сабақтарды өзі өткізеді;
Білім беру процесінде инклюзивтілікті қамтамасыз етуге ықпал етеді;
Заманауи жабдықтарды, техникалық құралдарды, бағдарламалық қамтамасыз ету құралдарын қолданылады;
Зерттеу міндеттерін қою мен шешу үшін теориялық және практикалық білімді өзі пайдаланады;
Жыл сайын өтетін оқыту сапасын бағалау мен мониторинг жасау, кәсіптік жетістіктер мен нәтижелерді шолу жасау шараларына қатысады;
Университет, департамент, мектеп пен бағдарлама деңгейінде кәсіби даму және біліктілікті арттыру бастамаларына қатысады;
Оқу-тәрбие процесіне жұмыс берушілерді, кәсіби бірлестіктердің, ғылыми ұйымдардың өкілдерін, шетелдік әріптестерді тартады;
Университеттің имидждік жобаларына/іс-шараларына қатысады.
Оқытылатын курстың (пәннің) оқу бағдарламасының мазмұнын.
Қарым-қатынас жасай білуі;
Командада жұмыс істей білу;
Стратегиялық ойлау;
Бастамашылық;
Жауапкершілік;
Көшбасшылық қасиеттер.
Конкурс "Нархоз университеті" КЕАҚ лауазымдарын конкурстық ауыстыру қағидаларына сәйкес өткізіледі.
Конкурсқа қатысушы тұлғалар университет Президентінің атына өтініш (еркін нысанда) береді. Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі: еркін нысандағы түйіндеме (CV); бір жоларалық интервал арқылы, көлемі 12 немесе 14 Times New Roman шрифтімен жазылған екі беттен аспайтын уәждемелік хат; ұсынылатын мәліметтерді тексеруге жазбаша келісім.
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты, сондай-ақ жұмыс тәжірибесі мен біліктілігін растайтын құжаттарды ұсынуға құқылы.
Университет барлық адамдарға нәсіліне, ұлтына, дініне, жынысына, азаматтығына, жасына, мүгедектігіне, саяси қатыстылығына немесе отбасылық жағдайына қарамастан жұмысқа орналасу кезінде тең мүмкіндіктер мен әділ тең жағдайлар ұсынады.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар электрондық поштаға ұсынылуы тиіс: hr@narxoz.kz.
Анықтама телефоны: 8 (727) 377-12-15
Отправить заявку
Байланыс ақпараты
Мекенжай
050035 Казахстан, Алматы қ., Жандосова көш., 55 үй, 132 каб.