"Нархоз университеті" КЕАҚ «HR және бизнес жоспарлау» БББ-ның профессоры / қауымдастырылған профессоры / ассистент-профессоры лауазымдарының бос жұмыс орындарына конкурс жариялайды.
HR және бизнесті жоспарлау/Менеджмент бойынша негізгі, яғни базалық білім;
HR және бизнес жоспарлау/ Менеджмент/Экономика бағыты бойынша PhD ғылыми дәрежесінің бар болуы;
оқытушылық жұмыс тәжірибесі, оның ішінде ағылшын тілінде оқыту тәжірибесі;
LMS Canvas платформасында жұмыс істеу дағдылары;
шетелдік білім беру; «Болашақ» бағдарламасы бойынша білім алу құпталады;
қазақ, орыс, ағылшын тілдерін игеру (7,0-ден төмен емес IELTS-тің бар болуы);
кәсіби сертификаттаудың (CIMA, PHRi, SPHRi, HRCI, CIPD, PMP, CIM және т.б.) бар болуы құпталады.
Университет және Мектептің даму стратегиясы мен білім беру бағдарламасын дамыту жоспарларын жүзеге асыруға белсенді қатысу;
тиісті лауазымға сәйкес педагогикалық жүктемені толық көлемде орындау;
орындаушылық тәртіптің жоғары деңгейін көрсету;
оқылатын пәндер бойынша оқу сабақтарының барлық түрлерін сапалы өткізуді жүзеге асыру;
курсты аяқтай отырып, өзін-өзі бағалауды жүргізу, оқу материалдарының сапасы және өзектілігін арттыру жолымен курсты одан әрі дамыту үшін өз алдына міндеттер қоя білу;
ғылыми зерттеулер мен жобаларға қатысып, ғылыми журналдар, импакт-факторға ие журналдар мен РИНЦ басылымдарында үнемі жарияланып, ғылыми белсенділік таныту;
білім алушылардың қажеттіліктерін іске асыру үшін қолайлы білім беру ортасын дамытуға жәрдемдесу;
кәсіптік тұрғыдан дамыту және біліктілікті арттыру бағдарламаларына қатысу;
оқу процесіне жұмыс берушілер, кәсіби бірлестіктер мен ғылыми ұйымдардың өкілдерін, шетелдік әріптестерді жұмысқа тарту;
саланы дамыту саласындағы жаңа трендтерді жария ету жолымен оқытудың интерактивті технологияларын қолдану.
дәйексөз алудың халықаралық базаларында ғылыми мақалалардың бар болуы;
ҚР ҰжЖБМ-нің гранттық қаржыландыру конкурстарына және халықаралық ғылыми жобаларға қатысу.
Конкурс "Нархоз университеті" КЕАҚ лауазымдарын конкурстық ауыстыру қағидаларына сәйкес өткізіледі.
Конкурсқа қатысушы тұлғалар университет Президентінің атына өтініш (еркін нысанда) береді. Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі: еркін нысандағы түйіндеме (CV); бір жоларалық интервал арқылы, көлемі 12 немесе 14 Times New Roman шрифтімен жазылған екі беттен аспайтын уәждемелік хат; ұсынылатын мәліметтерді тексеруге жазбаша келісім.
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты, сондай-ақ жұмыс тәжірибесі мен біліктілігін растайтын құжаттарды ұсынуға құқылы.
Университет барлық адамдарға нәсіліне, ұлтына, дініне, жынысына, азаматтығына, жасына, мүгедектігіне, саяси қатыстылығына немесе отбасылық жағдайына қарамастан жұмысқа орналасу кезінде тең мүмкіндіктер мен әділ тең жағдайлар ұсынады.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар электрондық поштаға ұсынылуы тиіс: hr@narxoz.kz.
Анықтама телефоны: 8 (727) 377-12-15
Отправить заявку
Байланыс ақпараты
Мекенжай
050035 Казахстан, Алматы қ., Жандосова көш., 55 үй, 132 каб.