«Нархоз университеті» КЕАҚ конституциялық құқық, азаматтық процессуалдық құқық, контракттік құқық, халықаралық коммерциялық құқық, нотариат, еңбектік құқық пен заңдық логика салалары бойынша маманданған «Құқық және мемлекеттік басқару» мектебіне «Құқық» пен «Халықаралық қатынастар» бағыттары бойынша БББ-ның профессоры лауазымының бос жұмыс орындарына конкурс жариялайды.
ғылым докторы және/немесе бейіні бойынша доктор, және/немесе ғылым кандидаты және/немесе философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесінің болуы;
ғылыми және/немесе ғылыми-педагогикалық қызметтің жалпы стажы кем дегенде 10 (он) жыл;
соңғы 8 (сегіз) жыл ішінде КОКСНВО басылымдарында жарияланған кем дегенде 10 (он) мақаланың, сонымен қатар Университеттің Ғылыми кеңесі басып шығаруға ұсынған кем дегенде 1 (бір) монографияның бар болуы;
соңғы 8 (сегіз) жыл ішінде Скопус басылымдарында жарияланған кем дегенде 3 (үш) мақаланың бар болуы;
жиынтық қаржыландыру сомасы 1 млн. теңгеден кем емес 1 (бір) табысты түрде жүзеге асырылған ғылыми жобаға басшылық ету тәжірибесі, әрі 1 (бір) жылдан
кем емес мерзім ішінде;кем дегенде 5 жылдық практикалық қызмет тәжірибесінің болғаны жөн.
оқытудың неғұрлым тиімді формалары мен әдістері, жаңа педагогикалық технологиялар мен техникалық құралдарды пайдалану жолымен Университеттің Академиялық саясаты мен басқа да ішкі құжаттарының талаптарын сақтай отырып, сабақтарды өз бетінше өткізу;
оқытылатын пәндер бойынша оқу-әдістемелік материалдарды, оның ішінде жұмыс оқу бағдарламаларын (силлабустар) және т.б. әзірлеу;
Университет пен Мектептердің ғылыми-зерттеу қызметіне қатысу;
Университет пен Мектептердің іс-шараларына, оның ішінде әлеуметтік-имидждік іс-шараларға қатысу;жұмыс берушілер, әрі кәсіптік бірлестіктер және ғылыми ұйымдардың өкілдерімен өзара іс-қимыл һәм ынтымақтастық орнату;
біліктілікті арттыру жөніндегі іс-шараларға кезеңдік қатысу.
қазақ, орыс, ағылшын (мүмкіндігінше).
Конкурс "Нархоз университеті" КЕАҚ лауазымдарын конкурстық ауыстыру қағидаларына сәйкес өткізіледі.
Конкурсқа қатысушы тұлғалар университет Президентінің атына өтініш (еркін нысанда) береді. Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі: еркін нысандағы түйіндеме (CV); бір жоларалық интервал арқылы, көлемі 12 немесе 14 Times New Roman шрифтімен жазылған екі беттен аспайтын уәждемелік хат; ұсынылатын мәліметтерді тексеруге жазбаша келісім.
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты, сондай-ақ жұмыс тәжірибесі мен біліктілігін растайтын құжаттарды ұсынуға құқылы.
Университет барлық адамдарға нәсіліне, ұлтына, дініне, жынысына, азаматтығына, жасына, мүгедектігіне, саяси қатыстылығына немесе отбасылық жағдайына қарамастан жұмысқа орналасу кезінде тең мүмкіндіктер мен әділ тең жағдайлар ұсынады.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар электрондық поштаға ұсынылуы тиіс: hr@narxoz.kz.
Анықтама телефоны: 8 (727) 377-12-15
Отправить заявку
Байланыс ақпараты
Мекенжай
050035 Казахстан, Алматы қ., Жандосова көш., 55 үй, 132 каб.