Жоғары оқу орнынан кейінгі білім грантын алу конкурсына қатысу үшін оқуға түсуші ЖЖББ Қабылдау комиссиясына мына құжаттарды тапсырады:
- белгіленген үлгідегі бланкіге жазылған өтініш;
- жоғары білімі туралы құжат (құжаттарды ЖЖББ Қабылдау комиссиясына тапсырарда түпнұсқа сұралады);
- КТ сертификаты (құжатты ЖЖББ Қабылдау комиссиясына тапсырған жағдайда);
- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрінің м.а. 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 "Денсаулық сақтау ұйымының алғашқы медициналық құжат формаларын бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде 6697 нөмірімен тіркелген) 086-У формалы медициналық анықтама қағазы;
- жеке куәлік көшірмесі;
Магистратураға түсуші өтініште білім бағдарламаларының тобын немесе үш ЖЖББ көрсетеді.