Оқу-әдістемелік кеңес

"Нархоз Университеті" КеАҚ Оқу-әдістемелік кеңесі (ОӘК) Университеттің академиялық қызметін басқарушы алқалық орган ретінде тұрақты жұмыс істеп келеді.
Негізгі қызметі Университеттегі академиялық процестің мазмұны және оны әдістемелік қамтамасыз ету, жоспарлау, ұйымдастыру және жетілдіруге қатысты мәселелерді шешуге бағытталған. ОӘК дайындық бағыттарына қарай ірілендірілген топтар бойынша оқу-әдістемелік комиссияның қызметін үйлестіреді және Университеттің оқу-әдістемелік даму стратегиясы мен тактикасын қалыптастырады.

ОӘК Университеттің дамуында стратегиялық көрсеткіштерге қол жеткізудің және үздіксіз кәсіби білім беру жүйесіндегі интегративтік байланыстарды дамыту арқылы академиялық процесті тиімді ұйымдастыру, оны толыққанды әдістемелік қамтамасыз ету негізінде білімнің сапасы мен тиімділігін арттырудың оқу-әдістемелік басым бағыттарын анықтайды.

ОӘК өз қызметін Ғылыми кеңеспен, ректоратпен, деканаттармен, факультет, мектептердің Кеңестерімен, сапа комиссияларымен және Ғылыми-білім беру департаменттерімен тығыз байланыста жүзеге асырады.

Университеттің ОӘК құрамына: төраға, төрағаның орынбасары, мүшелері мен хатшы кіреді. ОӘК мүшелерінің құрамы Университеттің профессор-оқытушылар құрамынан жасақталып, Университет Ректорының бұйрығымен бекітіледі.

ОӘК төрағасы
Умирзаков Самажан Ынтыкбаевич

оқу ісі жөніндегі проректор, э.ғ.д., профессор

+7 (727) 377 18 04
samazhan.umirzakov@narxoz.kz
ОӘК төрағасының орынбасары
Дальке Наталья Валерьевна

Оқу басқармасының бастығы

+7 (727) 377 12 77
natalya.dalke@narxoz.kz
ОӘК хатшысы
Баймурзаева Айтуре Жамалбековна,

оқу-әдістемелік бөлімінің бас әкімшісі

+7 (727) 377 12 72
aitore.baymurzaeva@narxoz.kz