English
Русский

© НАРХОЗ - 2020. All rights reserved.

Ғылыми-зерттеу

Нархоз Университетінің ғылыми-зерттеу қызметінің сферасы әр алуан. Ол экономика, қаржы, менеджмент, құқық, аймақтану, социология, экология, data sciencе және басқа да бағыттарды қамтиды.

Университеттің ғылыми қызметі зерттеу орталықтары, зертханалар мен ғылыми зерттеу институттарының базасында қалыптасады. Бұл ғылыми зерттеу орталықтары мен ғылыми зерттеу институттары университетаралық әріптестік пен факультеттердегі пәнаралық зерттеулер жүргізуге мүмкіндіктер береді.

Нархоз Университеті Қазақстандағы білім және ғылыми қызметті дамытуға тұрақты үлес қосу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының әлемдік ғылыми кеңістікке кіру үрдісін жеделдету мақсатын көздейді.
Университеттің ғылыми қызметін үйлестіру Ғылыми зерттеулер бөлімімен жүзеге асырылады.

Бізді Университетіміздің 2-оқу-тәжірибелік корпусы ғимаратынан (Саин к-сі, 81-үй) № 3 және № 13 кабинеттерден таба аласыздар немесе ari@narxoz.kz электрондық поштасына жазсаңыздар болады.
Жаңалықтар
Жобалар
Студенттік ғылым