2020 жылдың 27 қазанында Ғылыми кеңестің кезекті отырысы өтті, онда бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламаларының тізімі бекітілді. Сонымен қатар, 2020 докторантураға қабылданғандокторанттарының ғылыми кеңесшілері бекітілді, магистрлік диссертациялар/жобалардың тақырыптары, ғылыми кеңесшілер мен рецензенттердің тағайындалуы бекітілді.PhD докторантураның білім беру және ғылыми-зерттеу қызметіне қатысты Ережелерқарастырылды және бекітілді, «Нархоз Университеті» КЕАҚ магистранттарының педагогикалық практикасын ұйымдастыру туралы Ереже, «Нархоз Университеті» КЕАҚ-да магистранттардың ғылыми-зерттеу және эксперименттік зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру тәртібі, формальды және формалды емес білім беру нәтижелерін тану туралы Ереже, «Нархоз Университеті» КЕАҚ Студенттік Сенаты туралы Ережесі қарастырылды және бекітілді.