"Экономика" білім беру бағдарламасы ұлттық экономиканың барлық деңгейлерінде жұмыс істеу үшін аналитикалық креативті ойлау қабілеті бар экономист-талдаушыларды дайындайды. Олар нарықтың әртүрлі шаруашылық жүргізуші субъектілері қызметінің экономикалық процестерін экономикалық талдауды, жоспарлауды және болжауды жүзеге асыруға, олардың даму стратегиясын әзірлеуге, инвестициялық және инновациялық жобалардың экономикалық негіздемесін жүзеге асыруға, бизнес-процестерді басқаруға, өз бизнесін ұйымдастыруға және кәсіпкерлік қызметпен айналысуға қабілетті болады