Экономика БББ

Бағдарлама туралы
"Экономика" білім беру бағдарламасы ұлттық экономиканың барлық деңгейлерінде жұмыс істеу үшін аналитикалық креативті ойлау қабілеті бар экономист-талдаушыларды дайындайды. Олар нарықтың әртүрлі шаруашылық жүргізуші субъектілері қызметінің экономикалық процестерін экономикалық талдауды, жоспарлауды және болжауды жүзеге асыруға, олардың даму стратегиясын әзірлеуге, инвестициялық және инновациялық жобалардың экономикалық негіздемесін жүзеге асыруға, бизнес-процестерді басқаруға, өз бизнесін ұйымдастыруға және кәсіпкерлік қызметпен айналысуға қабілетті болады
Рейтингтер және аккредиттеу
Бағдарлама CIMA (Chartered Institute of Management Accountants) бойынша аккредиттелген және студенттер жоғары білім туралы дипломмен бірге кәсіби сертификат ала алады.
"Экономика" БББ түлегі кәсіби білім ала алады, атап айтқанда:
  • шаруашылық қызметке экономикалық талдау жасайды, оны жақсарту, тиімділігін арттыру бойынша іс-шаралар әзірлейді;
  • экономикалық есептеулер негізінде мәселелерді анықтай алады, жоспарлау, инвестициялық, инновациялық қызметті ұйымдастыру, ынталандыру және еңбекақы төлеу, кәсіпорын, сала, аймақ және ұлттық экономика тұрғысынан шығындарды басқару саласында басқарушылық шешімдер қабылдай алады;
  • экономикалық-математикалық әдістерді, статистика әдістерін және ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, кәсіпорындардың, салалық нарықтардың және өңірлердің даму үрдістерін негіздеуге, олардың қызметін болашаққа болжамды жасай алады;
  • кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру, бизнес-процестерді басқару, бизнесте оңтайлы шешімдер қабылдау қабілетіне ие бола алады.
Экономист мамандығының тартымдылығы экономиканың кез келген саласында жұмыс табуға мүмкіндік береді:
  • өнеркәсіпте;
  • құрылыста;
  • ауыл шаруашылықта;
  • көлік саласында;
  •  банк саласында;
  • мемлекеттік басқару органдарында;
  • білім беру және ғылыми-зерттеу саласында.

Оқу жоспары бойынша ақпарат

Мектептің негізгі пәндері:
  • Басқарушылық экономикасы
  • Бизнес этикасы
  • Қаржылық есеп беруге кіріспе
  • Шешім қабылдау үшін есеп
  • Менеджмент негіздері
  • Маркетинг негіздері
  • Қаржы негіздері
  • Стратегиялық менеджмент
  • Ұйымдық мінез-құлық
  • Корпоративті бизнес-құқық
Мамандықтың негізгі пәндері
  • Микроэкономика
  • Макроэкономика
  • Кәсіпорын экономикасы
  • Экономикалық талдау
  • Еңбек нарығы экономикасы
Мамандығының таңдау пәндері
  • Салалық нарықтардың экономикасы
  • Аймақтық даму экономикасы
  • Тұрақты даму экономикасы
  • Әлеуметтік мәселелерді экономикалық талдау
  • Инновация және технологиялар экономикасы
  • Инвестициялық жобаларды талдау
  • Шығындарды басқару
Тағылымдама және дипломдық жұмыс
Үшінші және төртінші курс студенттері алған білімдерін іс жүзінде әртүрлі компанияларда, сондай-ақ, дипломдық жобада үш бағыттың бірі бойынша қолдана алады:

1.    Жергілікті стартаптарға немесе ұйымдарға арналған консалтингтік жоба
2.    Нархоз университеті профессорларының басшылығымен ғылыми-зерттеу жұмысы
3.    Істі немесе шығармашылық стартапты құру бойынша жұмыс
Оқуға қалай түсуге болады