Экономикалық қауіпсіздік БББ

  • Бағдарлама туралы

    Бағдарлама ұлттық экономиканың макро-мезо-микро деңгейлерінде экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету процестерін басқаруды жүзеге асыруға, кәсіби стандарттарға сәйкес жұмыс берушілердің талаптарын қанағаттандыратын жоғары кәсіби деңгейдегі экономист-талдаушыларды дайындайды. Біздің түлектеріміз ұйымдардың шаруашылық және қаржылық қызметі саласындағы бұзушылықтарды және қауіптер мен тәуекелдерді алдын ала анықтауды, проблемалардың туындауына кедергі келтіруді, дағдарыстарды талдауды және келтірмеуді, ұйымдардың экономикалық қызметінде заңдылықты қамтамасыз етуге кепілдік беруді үйренеді.
Рейтингтер және аккредиттеу
Бағдарлама CIMA (Chartered Institute of Management Accountants) бойынша аккредиттеледі және студенттер жоғары білім туралы дипломмен бірге кәсіби сертификат ала алады.
Оқуды аяқтағаннан кейін сіз келесі қызметтерде мансап құра аласыз:
  • экономиканың нақты секторының әртүрлі бизнес-құрылымдарының экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі сараптамалық-талдау қызметтерінде;
  • құқық қорғау қызметінде мемлекеттік басқару органдарында (министрліктерде, комитеттерде, агенттіктерде, әкімдіктерде);
  • мемлекеттік басқару органдарындағы (министрліктерде, комитеттерде, агенттіктерде, әкімдіктерде) бақылау-тексеру қызметінде;
  • консалтинг, ІТ-индустрия саласындағы сараптамалық-консультациялық қызметте;
  • ғылыми-зерттеу институттарында, орталықтарда және білім беру ұйымдарында.

Оқу жоспары бойынша ақпарат

Мектептің негізгі пәндері:
  • Басқарушылық экономикасы
  • Бизнес этикасы
  • Қаржылық есеп беруге кіріспе
  • Шешім қабылдау үшін есеп
  • Менеджмент негіздері
  • Маркетинг негіздері
  • Қаржы негіздері
  • Стратегиялық менеджмент
  • Ұйымдық мінез-құлық
  • Корпоративті бизнес-құқық
Мамандықтың негізгі пәндері
  • Ұйымның экономикалық қауіпсіздігі
  • Ақпараттық қауіпсіздік негіздері
  • Кәсіпкерлік тәуекелдерді бағалау
  • Экономикалық қауіпсіздік жүйесіндегі сақтандыруды қорғау
Мамандығының таңдау пәндері
  • Комплаенс бақылау негіздері
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс
  • Банкроттықты талдау
  • Персоналды басқару кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету
  • Тұрақты даму экономикасы
  • Аймақтың экономикалық қауіпсіздігі жүйесіндегі кәсіпкерліктің экономикасы
  • Әлемдік азық –түлік қауіпсіздігі
Тағылымдама және дипломдық жұмыс
Үшінші және төртінші курс студенттері алған білімдерін іс жүзінде әртүрлі компанияларда, сондай-ақ, дипломдық жобада үш бағыттың бірі бойынша қолдана алады:
1.    Экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі шараларды әзірлеу жөніндегі консалтингтік жоба
2.    Нархоз университеті профессорларының басшылығымен ғылыми-зерттеу жұмысы
3.    Істі немесе шығармашылық стартапты құру бойынша жұмыс