BBA in Management

Бағдарлама жайлы

  • Қазіргі кезеңде «Менеджмент» ғылым ғана емес, сонымен қатар өнер деген көзқарастар кең тараған. Ақпараттандыру және цифрландыру дәуірінде компанияны немесе ұйымды басқарудағы менеджердің ролі өте өзекті аспектілердің бірі. Мақсаттарды дұрыс қою, жұмысты ұйымдастыру және міндеттерге басымдық беру – адамнан тек орындау техникасы туралы білімді ғана емес, сонымен қатар бағыныштыларды жоғары нәтижелерге жетуге ынталандыру мүмкіндігін, өзін-өзі басқару қабілетін талап ететін процесс. «Менеджмент» мамандығы салааралық әмбебап сипатқа ие. Осы мамандықты бітірген маман мемлекеттік қызметтен бастап кәсіпкерлік пен жеке бизнеске дейінгі кез келген қызмет саласын таңдауға мүмкіндігі бар. Бағдарлама күрделі басқарушылық міндеттерді шешуге, үнемі өзгеріп отыратын сыртқы орта жағдайында шешімдер қабылдауға, көшбасшылық қасиеттер мен ұйымдастырушылық қабілеттерді дамытуға мүмкіндік береді. Біздің түлектеріміз еңбек нарығында сұранысқа ие және оларда жоғары ақы төленетін жұмысқа орналасу ықтималдылығы жоғары болады.


    «Менеджмент» білім беру бағдарламасы көшбасшылық қасиеттерді, аналитикалық ақыл-ой мен коммуникабельділікті біріктіретін адамдарға арналған. Біздің түлектер жеткізу және логистика мәселелерін шеше алады, кәсіпорындағы өндірістік процестерді реттей алады, клиенттермен және жеткізушілермен сөйлесе алады, іс қағаздарын жүргізумен және жобалық менеджментпен айналыса алады. Нархоз Университетінің оқытушылары көшбасшылық дағдыларды дамытуға, іскерлік қабілетке және жаһандық перспективаларды көруге үлкен көңіл бөледі. Сіз жеңіске жету стратегиялары мен күшті командаларды құруға, бәсекелестік қауіптерді алдын-ала білуге және оларға жауап беруге және компанияның өсуіне ықпал етуге дайын боласыз.


    Кәсіпорын (компания) қызметінің тиімділігі, адал бәсекелестік және тауарлар мен қызметтер нарығында лайықты орын алу қабілеті көбінесе табысқа жетуге ұмтылатын адамдарға байланысты болады. «Менеджмент» ұғымы ертеден белгілі болса да, бұл мамандық сұранысқа ие мамандықтар рейтингінің жетекші бағыттарының бірі болып табылады. «Менеджер» болу оңай, ал «Табысты, жетістікке жетуге бағытталған менеджер» болу үшін Нархоз Университетінің өз түлектеріне беретін білімі мен дағдылары қажет.

    ОҚУТЫ ТІЛІ: ҚАЗАҚША, ОРЫСША, АҒЫЛШЫНША
Рейтингтер мен аккредитациялар
  • CEEMAN – серпінді қоғамдардағы менеджментті дамытудың халықаралық қауымдастығы, Словения (институционалдық аккредитация)
  • IAAR – аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі, Қазақстан
Оқуды аяқтағаннан кейін Сіз келесідей бағыттарда мансап құра аласыз:
  • консалтинг аясында
  • кадрлық қызметтерде
  • Қазақстандық және халықаралық компанияларда
  • халыққа қызмет көрсету аясында
  • инвестициялық-банк сферасында
«Менеджмент» білім беру бағдарламасы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен ҚР Білім және ғылым министрлігінің бірігіп жасаған рейтингінде Қазақстан жоғары оқу орындарының 39 бағдарламасының ішінен I орынға ие.

Оқу жоспары жайлы ақпарат

Мектептің негізгі пәндері
  • Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
  • Экономикаға кіріспе
  • Академиялық зерттеу
  • Статистика
  • Бизнес этика
  • Бизнес коммуникация
  • Басқарушылық экономика
  • Шешім қабылдау үшін есеп
  • Менеджмент негіздері
  • Маркетинг негіздері
  • Экономика мен бизнес үшін Жоғары математика
  • Қаржы негіздері
  • Бизнес үшін сандық әдістер
Мамандықтың негізгі пәндері
  • Кәсіпкерлік
  • Ұйымдық мінез-құлық
  • Адам ресурстарын басқару
  • Операциялық менеджмент
  • Корпоративтік бизнес құқық
  • Жобаларды басқару
  • Стратегиялық менеджмент
  • Өзгерістерді басқару
  • Көшбасшылық және команда құру
Мамандық бойынша таңдау пәндері
  • Дағдарысқа қарсы менеджмент
  • Инновациялық менеджмент
  • Басқарушылық шешімдерді қабылдау
  • Бизнес жоспарлау және консалтинг
  • Брендті басқару
  • Корпоративтік басқару
  • Қаржылық менеджмент
Тағылымдама және дипломдық жоба
Үшінші және төртінші курс студенттері алған білімдерін іс жүзінде әртүрлі компанияларда практика өткенде, сондай-ақ төмендегі бағыттардың біреуі бойынша дипломдық жоба жазу барысында қолдана алады:
  • ғылыми-зерттеу жобасы
  • индустриялдық-бейіндік жоба
  • пәнаралық жоба
  • Case Competition немесе креативті Start-Up құру жобасы