«Маркетинг» білім беру бағдарламасы кәсіпорынның маркетингтік тұжырымдамасын басқару саласында кәсіби құзыреттілікті қалыптастыруға бағытталған. Қарқынды өзгермелі сыртқы ортада және нарық конъюнктурасында маркетингтік міндеттерді құру аясында шешім қабылдауда стандартты емес, шығармашылық ойлау қабілетін қалыптастырады.
Біздің бағдарлама студенттерді ұйым мен оның клиенттік базасы арасындағы байланыс құралы бола білуге үйретеді, сол арқылы олар компанияның табысының артуына ықпал етеді. Сіз нақты міндеттер мен бизнес мәселелерді шешуде өз күшіңізді сынап, еліміздегі ірі ұйымдарда тәжірибеден өтуге, халықаралық жарыстарға қатысуға, әріптес университетте оқып, тәжірибелі маркетологтармен танысуға мүмкіндік аласыз.
Digital marketing бизнесті дамытуда маңызды рөл атқарады, қазіргі экономикалық қоғамдастықта талдау жасау, пайдаланушы аудиториясын бақылау және компанияның шығармашылық идеяларын жүзеге асыру үшін медиа арналардың барлық мүмкіндіктерін пайдалану қажет. Осы білім беру бағдарламасының түлектері контент маркетинг, сауда алаңдарында Жарнама орналастыру, SMM, email-маркетинг құралдарын меңгереді.
Университетті бітіргеннен кейін осы бағыттағы мамандар экономиканың барлық сфералары мен салаларында сұранысқа ие болады.
«Маркетинг» білім беру бағдарламасы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен ҚР Білім және ғылым министрлігінің бірігіп жасаған рейтингінде Қазақстан жоғары оқу орындарының 14 бағдарламасының ішінен VI орынға ие.
Оқу жоспары жайлы ақпарат
Мектептің негізгі пәндері
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
Экономикаға кіріспе
Академиялық зерттеу
Статистика
Бизнес этика
Бизнес коммуникация
Басқарушылық экономика
Шешім қабылдау үшін есеп
Менеджмент негіздері
Маркетинг негіздері
Экономика мен бизнес үшін Жоғары математика
Қаржы негіздері
Бизнес үшін сандық әдістер
Мамандықтың негізгі пәндері
Кәсіпкерлік
Ұйымдық мінез-құлық
Тұтынушылар мінез-құлқы
Қызмет маркетингі
Корпоративтік бизнес құқық
Digital Маркетинг
Стратегиялық менеджмент
Маркетингті басқару
Маркетингтік зерттеулер
Мамандық бойынша таңдау пәндері
Өткізуді басқару
В2В Маркетинг
Логистика
Біріктірілген маркетингтік коммуникациялар
Брендті басқару
Туризм маркетингі
Банктік маркетинг
Тағылымдама және дипломдық жоба
Үшінші және төртінші курс студенттері алған білімдерін іс жүзінде әртүрлі компанияларда практика өткенде, сондай-ақ төмендегі бағыттардың біреуі бойынша дипломдық жоба жазу барысында қолдана алады:
ғылыми-зерттеу жобасы
индустриялдық-бейіндік жоба
пәнаралық жоба
Case Competition немесе креативті Start-Up құру жобасы