Ұйым тәуекелдерін талдау және басқару білім беру бағдарламасы

Бағдарлама жайлы

  • Заманауи менеджменттің ең өзекті бағыттарының бірі тәуекелдерді басқару болып табылады. Бұл әртүрлі жүйелерді басқару сапасын қамтамасыз етуге байланысты, атап айтқанда ұйымның қызметіне әсер етуі мүмкін жағдайларды анықтау және осы жағдайларға байланысты тәуекелдерді басқару, сондай-ақ ұйым тәуекелінің шекті рұқсат етілген деңгейінен аспауды бақылау және ұйымның мақсаттарына қол жеткізуге кепілдік беру.
    Тәуекелдерді басқару компанияны стратегиялық басқарудың орталық бөлігі болып табылады. Бұл процес негізінде компания барынша тиімділікке қол жеткізу мен табыстылығын арттыру мақсатында тәуекелдерді жүйелі түрде талдайды.
    Білім беру бағдарламасы тәуекел-ойлау әдістемесін қалыптастырады, ұйымның тұрақты дамуын қолдайды және тәуекел түрлерін талдау мен басқаруды ескере отырып, оның қызметінің оңтайлы нәтижесін алады. Бағдарлама қажетті дағдылар мен құзыреттіліктерді алуға жақсы мүмкіндіктер береді: деректерді талдау және ақпараттың үлкен көлемімен жұмыс, стандартты емес міндеттерді шешу, жеке бизнес-процестер аясында тәуекелдерді басқару, сондай-ақ ұйымның тәуекелдерді басқарудың басқа да заманауи бағыттары.
    Нархоз университетінде «Ұйым тәуекелдерін талдау және басқару» білім беру бағдарламасы бойынша магистратураны аяқтағаннан кейін Сіз PhD бағдарламасына түсе аласыз.
Сізді не күтіп тұр:
  • Бағдарлама ғаламдық нарықтың мүмкіндіктерін тиімді пайдалануға қабілетті және халықаралық жобаларды басқаратын басқарушыларды дайындайды;
  • Жеке білім алу траекториясы; таңдап алған білім алу траекториясы шегінде пәндерді таңдау нұсқаларының кеңдігі;
  • Оқу үдерісінде құзыреттілікке негізделген әдісті жүзеге асыру;
  • Экономикалық есептеулерді жүргізу үшін ақпарат көздерін іздеу, талдау және бағалау;
  • Дағдарысты басқаруды ұйымдастырудың қолданыста бар нысандарын диагностикалау; оларды жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу мен негіздеу.
Оқу аяқталғаннан кейін Сіз келесілерді орындай аласыз:
  • Тәуекелдерді басқаруды бағалау мен тәуекелдергеәсер ету әдістемелерін талдау және қолдану;
  • Ұйымда тәуекелдерді басқару процесін ұйымдастыру;
  • Ұйымның ішкі және сыртқы ортасына сәйкес, сондай-ақ ерекше жағдайлар мен шектеулер негізінде тәуекелді бағалау процесінің контекстін анықтау;
  • Тәуекел деңгейінің өзгеруін анықтау;
  • Тәуекелдерге әсер етудің тиімді әдістерін анықтау;
  • Тәуекелдерді талдау;
  • Ұйымдағы тәуекелдер жайлы ақпаратты өңдеу;
  • Үздік әлемдік тәжірибелерге сәйкес тәуекелдерді басқару іс-шараларын жетілдіру бойынша бағдарламалар әзірлеу;
  • Тәуекел-менеджмент жүйесінің элементтерін ұйымның жұмыс істеу жағдайларына, сондай-ақ жаңа бизнес-процестер мен бағыттарға бейімдеу;
  • Ұйымда бар тәуекелдерді басқару тәжірибесін диагностикалауды жүргізу.
Бағдарлама бойынша
  • Оқу тілі – ағылшын
  • Білім алу мерзімі:
  • 2 жыл – ғылыми-педагогикалық бағыт.
  • PhD бағдарламасына түсу мүмкіндігі

Оқу жоспары бойынша ақпарат

Мамандықтың негізгі пәндері
  • Басқару психологиясы
  • Дағдарысқа қарсы менеджмент теориясы
  • Ғылыми зерттеу әдістемесі
  • Сыни ойлау және шешім қабылдау
  • Бизнес-үдерістерді басқару
  • Стратегиялық талдау
  • Тәуекелдерді басқару тәжірибесі
  • Тәуекелдерді басқарудағы геймификация
  • Тиімділікті диагностикалаудың құралдары мен әдістері
  • Корпоративтік тәуекел-менеджмент
  • Басқарудағы ақпараттық жүйелер мен технологиялар
Тағылымдама және магистерлік диссертация
Оқу жоспарына сәйкес университетте магистранттар мамандық бейіні бойынша І курста педагогикалық тәжірибе, сонымен қатар ІІ курста магистерлік диссертацияның зерттеу объектісі болып табылатын бизнес-серіктестің базасында зерттеу тәжірибесін өту қарастырылған.