Қаржы (ҒПМ)

Бағдарлама туралы

  • Сіз болашақта нені қалайтыныңызды білесіз бе? Егер Сізде мақсатқа талпынушылық, еңбек нарығында бәсекеге түсе алатын мүмкіндігі бар, сұранысқа ие болуға ықыласыңыз болса, «7М04117 Менеджмент» бағыты бойынша магистратураға түсуге дұрыс таңдау жасадыңыз. Сонымен қатар, Нархоз Университетінің «Менеджмент» білім беру бағдарламасы бойынша ғылыми-педагогикалық магистратурасын аяқтаған соң PhD бағдарламасына түсе аласыз.

    Біздің бағдарлама менеджмент консалтингі, басқару мен бизнес аясындағы мамандарды дайындауға бағытталған. Сіз ұйым менеджментінің қағидалары мен әдістерін, ғылыми тәсілдерін қолдануға, сонымен бірге кешенді шешім қабылдауды үйренуге керекті заманауи кәсіби басқарушының құзыреттіліктер мен қажетті және ажырамас дағдыларына ие боласыз.
    Алынған кәсіби құзыреттіліктер басқару мен консалтингті жақсы жүзеге асыру үшін алғышарттар құрады: ұйымның операциялық және стратегиялық жоспарларын жасау, ұйым қызметін бағалау, персоналды басқару әдістерін жасау, ішкікорпоративтік ақпараттық және операциялық жүйелерді құру, бизнесті құру мен/немесе дамыту жобаларын басқару, кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру, маркетингтік кешендерді әзірлеу мен қызметтің басқа да қызықты жақтарын әзірлеу.
    Бағдарлама қажетті дағдылар мен құзыреттіліктерді алуға жақсы мүмкіндіктер береді: мәліметтерді талдау мен ақпараттардың үлкен көлемімен жұмыс жасау, стандартты емес міндеттерді шешу, сұхбаттасушылардың түрлі мәдениеті мен көзқарастары, пікірталасқа дайындығы мен ортақ тіл табыса білуі, басқарушыға тән дағдыларды дамыту мен шет тілінде тілдесу.
Бағдарламаның артықшылықтары:

Бағдарламаның оқу жоспары – білім мен дағдылар жиынтығы, олардың үнемі

жаңартылуы оның үздік әлемдік тәжірибеге, академиялық білімдегі алдыңғы қатарлы үрдістерге және қаржы саласындағы ғылыми зерттеулер сәйкестігіне кепілдік береді Бағдарлама арнайы бағдарламалық қамтамасыз ету құралдарының көмегімен шиеленісті жағдайларды модельдеу және шешу дағдыларына үйрету арқылы жүзеге асырылады: Pyphon, R- analysis және т. б.

Ғылыми теорияларды және оларды қаржылық бизнесте қолдану ерекшеліктерін талқылау үшін жетекші зерттеушілер, қаржылық талдаушылар, инвестициялық консультанттар, Data-finance – кодер тартылады, олар қонақ лекциялар оқиды және тағылымдама бағдарламалары шеңберінде тренингтер өткізеді.


Магистранттар мобильділік бағдарламалар мен Халықаралық ғылыми стипендиялар бойынша алмасудың бірқатар халықаралық бағдарламаларына қатыса алады. Оқу процесінде қаржы нарығының мамандары үшін арналған (bloomberg және thomson reuters eicon) ж.т.б түрлі электрондық ресурстарды белсенді пайдалану мүмкіндігі. Білім беру магистрлік бағдарламасын табысты меңгерген түлектер ғылыми-зерттеу, оқытушылық, соның ішінде халықаралық ортада кәсіби қызметті жүргізуге қабілетті,докторантурада оқуға дайын.

Бағдарлама бойынша:

Оқу тілі: қазақ, орыс

Оқыту форматы: кешкі + сенбі күні бойы

Білім алу мерзімі: 2 жыл (ғылыми-педагогикалық бағыт)

PhD бағдарламасына түсу мүмкіндігі