Master in Management (ҒПМ)

Бағдарлама туралы

  • Білім беру бағдарламасы тиімді стратегиялық шешімдер қабылдауға, компаниялардың өсуін ынталандыруға және тез өзгеретін іскерлік ортада табысты жұмыс істеуге қажетті дағдылары бар болашақ жоғары және орта буын менеджерлерін даярлауға бағытталған. Бизнес-практикада этика мен әлеуметтік жауапкершілік қағидаттарын қалыптастыруға ерекше назар аударылады.

    Оқыту тілі: ағылшын тілі
Сізді не күтіп тұр:
  • Жаһандық контексте бизнесті басқарудың заманауи білімі мен дағдылары.
  • Көпұлтты ортадағы жұмыс тәжірибесі және кәсіби байланыстарды кеңейту.
  • Жетекші қазақстандық және халықаралық компанияларда жұмысқа орналасу мүмкіндігі.
  • СМС® сертификатын алу мүмкіндігі бар (Менеджмент бойынша Қазақстандық кеңесшілер Палатасы, CMC Kazakhstan).

"Менеджмент" магистрлік бағдарламасы - бұл кәсіби және жеке өсудің жаңа көкжиектері!
Оқу аяқталғаннан кейін Сіз келесілерді орындай аласыз:
  • ұйым қызметін бизнес ортамен өзара байланысқа түсетін біртұтас жүйе ретінде қарастыру арқылы консалтингтік менеджмент әдістерінің көмегімен ұйымның өсу стратегиясын жасау;
  • тәуекел мен дамудың баламалы мүмкіндіктерін есепке ала отырып тиімді стратегия жасау арқылы ұйым көшбасшысы болу, сонымен қатар, менеджмент, маркетинг және деректерді талдаудың функционалдық аяларында парадигмалар мен теориялық әзірлемелерді, жаңа тұжырымдамаларды пайдалану арқылы қойылған мақсатқа қол жеткізу үдерісінде жағдайдың өзгеруіне байланысты стратегияларды реттеу;
  • бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін қолдау (әлеуметтік әділеттілікті қолдау) мен ұйымның стратегиялық мақсаттарына қол жеткізу үшін ішкі ресурстарды тиімді басқару;
  • ұйымның өзгеру қажеттілігін анықтау мен адам ресурстарын ұтымды және тиімді пайдалану арқылы өзгерістерді қабылдауға қатысты персонал мінез-құлығын жобалау;
  • ұйымда жаңа үдерістерді жасау мен енгізу, стратегиялық мақсаттарға қол жеткізу үшін әртүрлі топтар құру мен олардың қызметін басқару.
Мансап:
Мансап траекториялары әртүрлі болуы мүмкін:
  • тәуелсіз кеңесшілер;
  • мемлекеттік басқару жүйесі;
  • түрлі нысандағы коммерциялық емес ұйымдар;
  • коммерциялық сектор, халықаралық компаниялар;
  • шағын және орта бизнес сектор;
  • дағдарысты өту, болдырмау және алдын алу аясындағы менеджер;
  • жоба менеджері.
Негізгі пәндер
  • Ғаламдық көшбасшылық және ұйымдық даму
  • Өзгерістерді басқару және енгізу
  • Математикалық статистика
  • Эмпирикалық эконометрика
  • Зерттеу әдістері
  • Этика, тұрақты даму және корпоративтік басқару
  • Деректер негізінде шешім қабылдау
  • Операциялар және жабдықтау тізбегін басқару
  • Ілгерілмелі стратегиялық менеджмент
Тағылымдама және магистерлік диссертация
Оқу жоспарына сәйкес университетте магистранттар мамандық бейіні бойынша І курста педагогикалық тәжірибе, сонымен қатар ІІ курста магистерлік диссертацияның зерттеу объектісі болып табылатын бизнес-серіктестің базасында зерттеу тәжірибесін өту қарастырылған.
Бағдарлама бойынша
Оқыту ағылшын тілінде жүргізіледі
Білім алу мерзімі:
2 жыл – ғылыми-педагогикалық бағыт.
PhD бағдарламасына түсу мүмкіндігі
Бағдарлама CMC Kazakhstan, Қазақстандық кеңесшілер Палатасымен бірге жасалынған.