Маркетинг (ҒПМ)

Бағдарлама туралы

  • Маркетинг – бизнесті зерттеудің серпінді және тартымды аясы; ұлттық және ғаламдық нарықтардағы турбулентті орта жағдайларында маркетингтік қызметті және бәсекелік артықшылықтарды заманауи инновациялық әдістердің, құралдардың және сандық технологиялардың көмегімен басқаруға қабілетті маркетинг магистрлары сұранысқа ие болатын, үнемі дамып келе жатқан сала.

    Егер де Сіз нарықтық конъюнктура мен бизнес дамуының жаңа бағыттарын анықтауға көп жылдар жұмсасаңыз, мүмкін, Сіз, тоқырау сезімін сезініп, өмірде жаңа өзгерістерді қалайсыз. Көпшілікке бұл мәселенің шешімі ретінде мансап бойынша өрлеу немесе аралас қызмет бойынша жұмыс бағытын өзгерту болып саналады. Заманауи іскерлік-бизнес әлемінде мансап бойынша өсу басшылықтың әрдайым өсіп отыратын қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін бәсекеге қабілетті білімді талап етеді.
    Бұл мәселелерді тез арада шешу үшін көптеген кәсіпқой мамандар маркетинг саласында экономика ғылымдарының магистрі дәрежесін алу үшін университетке қайтып оралады.


    Брендті басқару мен сатылымдардан бастап, сандық маркетинг пен өнімдер жасаумен аяқталынған, маркетинг-менеджменттің жақсы бизнес кейстері мен ілгеріленген маркетинг тұжырымдамаларын меңгеруге бағытталған магистратура бағдарламасы. Сонымен қатар, Нархоз Университетінің «Маркетинг» білім беру бағдарламасы бойынша ғылыми-педагогикалық магистратурасын аяқтаған соң PhD бағдарламасына түсе аласыз.
Сізді не күтіп тұр:
  • әйгілі практик-маркетологтар мен шетелдік серіктестерден мастер-класс пен дәрістер;
  • рольдік ойындар мен жағдайлық есептер, шетелдік және отандық бизнес кейстерді қарастыру негізінде маркетинг аясындағы озық тәжірибелерді меңгеру;
  • өзіндік маркетингтік зерттеулерге негізделген жобалық жұмыстар;
  • көпұлтты және ғаламдық компанияларда маркетингтік басқару мен халықаралық бизнес аясында тәжірибені дамыту;
  • жеке мансаптық коучинг және көшбасшылық қасиеттерді дамыту;
  • жоғары еңбек ақымен іскерлік-бизнес әлемнің бір серпінді және шығармашылық аясында жақсы мансап;
  • ғылыми-зерттеу жұмысының дағдыларын дамыту мен ЖОО-ның оқытушысы ретінде мансап құру мүмкіндігіне ие болу.
Оқу аяқталғаннан кейін Сіз келесілерді орындай аласыз:
  • ішкі және ғаламдық нарықтардың конъюнктурасына маркетингтік зерттеулер жүргізу;
  • психологияны түсіну негізінде тұтынушылардың мінез-құлығын, клиенттер мен стейкхолдерлердің адалдығын басқару;
  • инновациялар маркетингін басқару;
  • жаңа медиа және сандық технологияларды үйлестіру негізінде жылжытудың кешендік стратегияларын жасау;
  • сандық маркетингті, электрондық коммерцияны, логистика мен сатылымды басқару;
  • компания мен оның тұтынушыларының өзгермелі қажеттіліктерін қанағаттандыратын маркетингтік стратегиялар жасау мен жүзеге асыру;
  • ғаламдық нарыққа шығу мен экспорттық әлеуеттің дамуы үшін тұрақты маркетинг қағидалар негізінде компанияның бәсекелік артықшылықтарын басқару.
Мансап:
Маркетинг бойынша магистратура бағдарламасмының түлегі ретінде Сіз экономиканың түрлі салаларында табысты, жетістікке бағытталған мансап құра аласыз, халықаралық алыптардан бастап, кәсіпкерлік старт-аптармен аяқтап, дәлірек айтсақ, Сіз төмендегілерде ұмыс істей аласыз:
  • мемлекеттік, жеке меншік және коммерциялық емес секторлардағы шетелдік және отандық компаниялардың маркетинг департаменттерінде;
  • маркетингтік, жарнамалық, консалтингтік, digital, PR агенттіктерінде
  • кәсіпкерлік қызметпен айналысу және өзіндік бизнесті дамыту.
Тағылымдама және магистерлік диссертация
Оқу жоспарына сәйкес университетте магистранттар мамандық бейіні бойынша І курста педагогикалық тәжірибе, сонымен қатар ІІ курста магистерлік диссертацияның зерттеу объектісі болып табылатын бизнес-серіктестің базасында зерттеу тәжірибесін өту қарастырылған.
Бағдарлама бойынша
Оқыту қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жүргізіледі
Білім алу мерзімі:
2 жыл – ғылыми-педагогикалық бағыт.
PhD бағдарламасына түсу мүмкіндігі