Құқықтану

Траектория;
Бизнес құқығы;
Қылмыстық құқық

Бағдарлама туралы.

  • Бағдарлама бойынша оқыту отандық және халықаралық озық тәжірибені басшылыққа ала отырып жүзеге асырылады. Оқу үрдісі барысында студенттер ғылыми-зерттеу жұмыстарына, аналитикалық- сарапшылық және жобалау қызметтеріне қатысады.
    Бағдарлама аясында құқықтық және экономикалық білімнің астасып жатуы еңбек нарығындағы сұранысқа сай, бәсекеге қабілетті, сапалы білімді, сарапшы, аналитик, кез келген жаңдайға шолу жасай алатын, білікті маман, шығармашыл, ой-өрісі кең, тың ойлау қабілеті бар мамандар даярланады.

    ОҚУ ТІЛІ: ҚАЗАҚША, ОРЫСША

Бағдарламаны аяқтағаннан кейін бітіруші түлек:

-1-
Құқық нормаларын қолдану аясындағы жұмыс берушінің қажеттілігн ескере отырып, қолданбалы тапсырмаларды нақтылы шеше алатын болады
-2-
Азаматтық, төрелік және қылмыстық соттарда азаматтардың, заңды тұлғалардың мүдделерін қорғай алады
-3-
Құқықтық және экономикалық сипаттағы тығырыққа тірелген жағдайды ескере отырып әрекет ете алады.

Бағдарламаның бірегей артықшылықтары

  • Сабақтар тәжірибелі-оқытушыларды: адвокаттарды, судьяларды, прокурорлар және кәсіпкерлерді т.б тарту арқылы өткізіледі;
  • Студенттер тәжірибені прокуратура, сот органдарында, ірі халықаралық аудиторлық және заң компанияларында т.б өтеді;
  • Кәсіби құзіреттілікті дамытуға бағытталған құқықтық және экономикалық пәндердің интеграциясына ие болады;
  • Әлемнің алдыңғы қатарлы университеттерінде білім алуға мүмкіншілік беретін академиялық мобильдік мүмкіншілікке ие болады;
  • Құқық ғылыми-білім беру департаментіне қарасты Заң клиникасы бар. Бұл орталықтың қызметі студенттердің бойында құқықтану мамандығы бойынша кәсіби дағдыны қалыптастыруға бағытталған. Клиникадағы жетекші оқытушылары мен тәжірибелі заңгерлердің басшылығымен студенттер заң көмегін көрсету дағдысын меңгереді.
«Құқықтану» білім беру бағдарламасы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы құрастырған білім беру бағдарламалары рейтингінде 62-ден 5-орын алады.

Жұмыс және мансап

  • Бағдарлама жүзеге асырып отырғанындай құқықтық және экономикалық пәндердің астасып келуі еңбек нарығында сапалы білімі бар, жоғарғы интеллектіге ие, ой-өрісі кең, шығармашыл, талдау дағдысы бар, сұранысқа ие, бәсекеге қабілетті маманды игерген түлекті дайындап шығарамыз.

    Қазіргі таңда біздің түлектер ірі шетелдік және отандық заң компанияларының, соттар мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері болып табылады.