Экология

  • Экология және қоршаған ортаны қорғау

    "Экология" бағдарламасы қоршаған орта мәселелерін талдау және оған тиіп жатқан әсерлердің зиянын азайту жолдарын іздеумен айналысқысы келетін белсенді жандарға арналған бағдарлама.
    Болашақта қоршаған ортаны сақтау мәселелері одан сайын өзекті бола түсетіні белгілі. Жер ғаламшарына тасталатын түрлі зиянды қалдықтар көбейген сайын, өркениеттің дамуы және экологияны қорғау мәселелерінің арасында тепе-теңдік орната алатын мамандарға деген сұраныс та өсе түспек. Кәсіби эколог мамандарға деген сұраныспен бірге, оларға қойылатын талаптар да артатыны мәлім. Эколог мамандығы ең маңызды әрі бүгінгі күннің үдесінен шыққан мамандықтардың біріне айналады.

Бұл бағдарламаны бітіргеннен кейін мен қандай карьералық мүмкіндіктерге ие боламын?

Жердің түрлі қабаттарына зиянды элементтердің тасталуының артуына, қалалар мен автотранспорттың көбеюіне байланысты экология мәселесі алдыңғы орындарға қойылады. Кәсіптік қызметтің пәні: тибиғи және урбанизацияланған экожүйелер, биосфера және оның құрамдас бөліктері болып табылады. Бұл мамандық халықаралық болып табылады, яғни түлектер бүкіл әлем бойынша жұмыс істей алады.
  • Негізгі курстар:
    
    • Экология және тұрақты даму
    • Жаратылыстанудың экологиялық аспектісі
    • Урбанизация
    • Экоменеджмент
    • Қолданбалы климатология
    • Экологияда қолданылатын компьютерлік технологиялар
    • Экологиялық мониторинг
    • Қоршаған орта экономикасы
    • Эконарық және азық-түлік қауіпсіздігі
Мансапқа жету үшін бұл бағдарлама маған қандай мүмкіндіктер береді?

Кәсіби қызметтің пәніне мыналар алынады: табиғи және урбанизациялық экожүйелер, биосфера және оның компоненттері. Бұл мамандық халықаралық мамандық болып табылады, сондықтан оны бітірген түлектер әлемнің кез келген түкпірінде жұмыс істей алады.