Түлектер мемлекеттік сектордың сыртқы саяси құрылымдарында ғана емес, сонымен қатар компаниялар мен банктердің, жергілікті атқарушы органдардың (әкімдік), кеден органдарының халықаралық бөлімдерінде еңбек ете алады; зерттеу орталықтарында сарапшы және аналитик, халықаралық және шетелдік капиталмен жұмыс істейтін біріккен компанияларда және т.б. орындарда экономика мәселелері бойынша кеңесші ретінде қызметтерді атқара алады.