Орталық қызметінің мақсаты - ҚР заңнамасында көзделген білім беру саласында қызметтер көрсету үшін заңды және жеке тұлғалармен шаруашылық шарттар жасасу арқылы ҚжМБМ профессор-оқытушылар құрамының жинақталған әлеуетін іске асыру.
Орталық қызметінің пәні төменде берілген негізгі бағыттар бойынша білім беру саласында білім беру қызметтерін және консалтингтік қызметтерді жүргізу болып табылады:
1) куәлік бере отырып, біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастыру және өткізу;
2) сертификаттар бере отырып, оқыту семинарларын, тренингтерді, вебинарларды және т. б. ұйымдастыру және өткізу;
3) куәлік бере отырып, кадрларды қайта даярлау курстарын ұйымдастыру және өткізу;
4) оқу және оқу-әдістемелік әдебиеттер мен құжаттамаларды әзірлеу және іске асыру;
5)жаппай ашық онлайн курстарды (ЖАОК) әзірлеу және іске асыру, сүйемелдеу;
6) білім беру ұйымдарына, оқу орталықтарына және басқа да ұйымдарға білім беру қызметін оқу-әдістемелік сүйемелдеу бойынша қызметтер көрсетуді ұйымдастыру және үйлестіру;
7) орталықтың мақсаттарына қайшы келмейтін басқа да бағыттар.