Ұзақтығы —4 жыл Оқу тілі — қазақша, орысша, ағылшынша
Білім беру бағдарламасының мақсаты — БҰҰ Тұрақты Даму Мақсаттарына жауап бере алатын экожүйенің тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге құзыретті, жоғары білікті сарапшыларды дайындау. Бұл білім беру бағдарламасы көптеген пәндерден тұрады, ол барлық салаларды (атмосфера, гидросфера, литосфера, биосфера, ноосфера) және барлық аспектілерді (экологиялық, экономикалық, әлеуметтік, саяси, құқық, технология, халықаралық) қамтиды.
Оқу барысында БҰҰ, ПРБҰҰ, ЮНЕСКО сияқты халықаралық құрылымдардан өкілдер қонақ дәріске шақырылады. Өйткені Нархоз университеті өзара ынтымақтастық туралы БҰҰ-мен Меморандумға қол қойған бірден-бір жалғыз оқу орны болып табылады (17 ЦУР, 12-14/35 Бұйрық, 27.08.2020).
Меморандумға сәйкес, Нархоз студенттері тағылымдамадан БҰҰ агенттіктерінде өтеді. Білім алушыларға 3-курстың екінші семестрінде серіктес-оқу орны — Киль Университетінде (Англия) тағылымдамадан өтуге және оқуға мүмкіндік бар.
Ағылшын бөлімдерінде сабақты АҚШ-тың адамдары жүргізеді.