Орталық қызметінің мақсаты - ғылыми және өндірістік салада қызмет көрсету үшін заңды және жеке тұлғалармен шаруашылық шарттар жасасу арқылы ҚжМБМ-інің ПОҚ және білім алушыларының жинақталған ғылыми-зерттеу әлеуетін іске асыру.
Орталық қызметінің пәні төменде берілген негізгі бағыттар бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын, консалтингтік және басқа да қызмет түрлерін жүргізу болып табылады:
1) ПОҚ-ның бизнес-құрылымдармен, өнеркәсіптік және басқа да кәсіпорындармен бірлесіп ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру және үйлестіру;
2) ғылыми-зерттеу жұмыстарын, ҒЗТКЖ-ны орындауды ұйымдастыру және үйлестіру;
3) ғылыми зерттеулер мен ҒЗТКЖ нәтижелерін сынақтан өткізу және коммерцияландыру;
4)ғылыми іс-шараларды (конкурстар, гранттар, конференциялар, конгрестер, тағылымдамалар және т. б.) ұйымдастыру, өткізу және оларға қатысу;
5) қорытындылар бере отырып, ғылыми-сараптамалық қызмет;
6) консалтингтік және заңгерлік қызметтер көрсету жөніндегі қызмет;
7) орталықтың мақсаттарына қайшы келмейтін басқа да бағыттар.