Қаржы-экономикалық құқық бұзушылықтарды тергеу (ҒПМ)

Бағдарлама туралы

  • Бағдарлама барлық деңгейдегі мемлекеттік құрылымдардың, муниципалдық бірлестіктердің, меншік нысаны мен қаржылық деңгейіне қарамастан барлық шаруашылық субъектілерінің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін қаржы-экономикалық құқықбұзушылықтарды зерттеудің құқықтық және процессуалдық қырлары туралы кешенді білімі бар, жоғары білікті мамандар мен басшыларды дайындауға бағытталған.
    Бағдарлама тұлғаның, қоғам мен мемлекеттің білім беру қажеттіліктерін қанағаттандыру деңгейін арттыруға, юриспруденция саласындағы бірыңғай білім беру кеңістігін дамытуға, әлемдік білім беру, ғылыми-ақпараттық ортаға енуіне септігін тигізуге арналған.

Бағдарламаны аяқтағаннан кейін түлектер

-1-

Заңдылық, құқықтық тәртіп және экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге байланысты лауазымдық міндеттемелерді орындай алады.

-2-

Қаржы-экономикалық бағыттағы құқықбұзушылықтарды анықтап, жолын кесіп, алдын ала алады және сондай-ақ оларды жасауға итермелеген себептер мен жағдайлар мен анықтап, жоя алады.

-3-

Қаржы-экономикалық бағыттағы лауазымдық және басқа да құқықбұзушылықтарды жасаған тұлғалардың құқыққа қайшы әрекеттеріне баға беру және жолын кесуде септігін тигізеді.

-4-

Құқық нормаларын кәсіби түсіндіру актілерін, құқық шығармашылықтың басты қағидалары негізінде нормативтік-құқықтық актілер мен заңды құжаттарды өз бетінше жасай алады.

-5-

Жемқорлық бағытындағы қылмыстарды қоса алғанда, қаржы саласындағы құқықбұзушылықтардың алдын алып, жолын кесуді жүзеге асырады.

-6-

Алдына қойған мақсатқа жету үшін команданың жұмысын басқаруды, ұйымдастырушылық-басқару шешімдерін қабылдауды үйренеді.

Бағдарламаның ерекше мүмкіндіктері

  • Магистерлік бағдарламаны бақылау және құқық қорғау органдарында тәжірибелік қызмет атқарған тәжірибесі мол оқытушылар жүзеге асырады. Сабақ беруге ІІМ мен прокуратура органдарының қызметтегі қызметкерлері де тартылады.
  • Магистранттар қаржы-экономикалық құқық бұзушылықтарды тергеу, алдын алу аясындағы ерекше тәжірибеге бағытталған білім алады.
  • Еліміздегі жалғыз, бірегей бағдарлама.
  • Магистрлардың еліміздің құқық қорғау органдарында, мемлекеттік мекемелерінде, ірі халықаралық корпорациялар мен аудиторлық компанияларда тәжірибелік білім, қабілет және дағдылар алу мүмкіндігі бар.

Мансап және жұмыс

  • Дайындықтан өткен мамандардың негізгі тұтынушылары болып Қазақстан Республикасының құқық қорғау, мемлекеттік билік пен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының құрылымдық бөлімшелері және сондай-ақ әртүрлі меншік нысандарындағы ұйымдардың кеңес беру, экономикалық, қаржы, маркетинг, аналитикалық бөлімдері табылады.