Білім беру бағдарламасы орталық және жергілікті мемлекеттік билік органдары үшін "жаңа форматтағы" жоғары білікті басқарушыларды, тәжірибеге бағдарланған кәсіби және жеке құзыреттері бар мемлекеттік қызмет саласындағы көшбасшыларды даярлауға бағытталған. Бағдарламаның бірегей артықшылықтары-түлектерді жұмысқа орналастырудың жоғары көрсеткіштері; жетекші әлемдік университеттердің оқу жоспарларын талдау негізінде жасалған оқу жоспарының болуы; ББ пәндерінің практикаға бағдарлануы; профессор-оқытушылар құрамының жоғары дәрежелілігі; оқу процесіне мемлекеттік басқару саласында жоғары лауазымдарды атқаратын оқытушы-практиктерді тарту. Бағдарлама түлектері республикалық және жергілікті деңгейдегі мемлекеттік органдарда: ҚР Президенті Аппаратында, министрліктерде, ведомстволарда, әкімдіктерде, ұлттық компаниялар мен холдингтерде, сондай-ақ үкіметтік емес және әлеуметтік ұйымдарда, коммерциялық банктерде жұмыс істей алады.
Сіздерді осы бағдарламаның түлектері болуға шақырамыз!
Оқыту тілдері: қазақ тілі
Бағдарламаның құзыреттілігі
Саясатты, бағдарламаларды зерттеуге қатысу Саясат пен бағдарламаларды талдау, қалыптастыру, іске асыруды басқару және бағалау процестерін білу және түсіну. Деректерді жинау, талдау, ұсыну және түсіндіру үшін аналитикалық құралдарды қолдану, тиісті ұғымдар мен әдістерді білу және түсіну.
Стратегиялық жоспарлау, көшбасшылық және басқару саласындағы дағдыларды дамыту Талдау, жалпылау, сыни ойлау, мәселелерді шешу және шешім қабылдау. Ішкі және сыртқы ұйымдастырушылық ортаны бағалау. Ұйымдастыру теориясын, басқару және мінез-құлық тұжырымдамаларын түсіну және қолдану. Адам ресурстарын басқару, қаржылық менеджмент, ақпаратты басқару және жаңа ақпараттық технологияларды қолдану негіздерін меңгеру. Негіздемелердің, бағдарламалық құжаттар мен шешімдердің жобаларын дайындау. Жобалар мен келісімшарттарды басқару. Тиімді коммуникация дағдыларын меңгеру.
Қоғамдық игіліктер мен қызметтер көрсету негіздерін түсіну Өкілеттіктердің аражігін ажырату, түрлі деңгейдегі билік органдары арасындағы өзара іс-қимыл тетіктерін білу және түсіну. Мемлекеттік басқару модельдерін қолдану. Мемлекеттік қызметті ұйымдастырудың қағидаттары мен негіздерін және оның перспективаларын түсіну. Желілік өзара іс-қимыл мен әріптестікті орнату, үкіметтік және үкіметтік емес ұйымдармен, белсенді қоғамдық топтармен жұмыс істеу. Мүмкіндіктерді анықтау, шешімдерді ілгерілету және саясат шараларын қолдану нәтижелерін талдау және бағалау.
Мемлекеттік саясаттың негіздерін түсіну Бағдарламалар мен саяси шешімдердің қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді салдарын ажырата алу.
Тәжірибе және тағылымдама Бүгінгі таңда мемлекеттік және жергілікті басқару бағдарламасында магистратура түлектеріне қызығушылық танытатын және студенттік тәжірибені ұйымдастыруға белсенді қатысуға дайын ұйымдар мен жұмыс берушілер қалыптастырылды. Сонымен қатар, көктемге арналған қысқа мерзімді практика ғана емес, жаздада жұмыс істеуге және болашақта жұмысқа орналасу мүмкіндігі бар. Сондай-ақ, бағдарлама әлемнің жетекші университеттерімен халықаралық ынтымақтастықты белсенді түрде кеңейтуде және ағылшын тілі жақсы болған жағдайда АҚШ-та және басқа елдерде тағылымдамадан өтуге мүмкіндік береді.
Түлектерді жұмысқа орналастыру
Мемлекеттік қызмет
Мемлекеттік корпорациялар мен қорлар
Бюджеттік мекемелер
Экономиканың мемлекеттік секторының халықаралық компаниялары