Комплаенс

Бағдарлама туралы.

  • Академиялық дәреже: 7М042 - ;"Комплаенс"; білім беру бағдарламасы бойынша құқық магистрі
    Оқу мерзімі: 2 жыл, ғылыми-педагогикалық бағыт
    Оқыту тілі: қазақ, орыс, ағылшын

    Білім беру бағдарламасы ұйымдардың қызметінің нормативтік талаптар мен стандарттарға сәйкестігін қамтамасыз етуге қабілетті, құқықтық реттеу, этика және тәуекелдерді басқару саласында бірегей құзыреттері, терең білімі мен дағдылары бар жоғары білікті комплаенс-офицерлерді даярлауға арналған.
    Бағдарлама шеңберінде магистрантқа оқыту тректері ұсынылады: арнайы авторлық курстардың тиісті жиынтығында өндірістік сала, банк саласы немесе сыртқы экономикалық қызмет.

    Бағдарлама аясында оқытушылар әлемнің жетекші университеттерінің жетекші оқытушылары-түлектері болып табылады. Мысалы, University of Cambridge, University of Warwick, University of Turin және т.б., сондай-ақ Қазақстан Республикасының ірі компанияларының жетекші маман-практиктері. Жетекші компаниялармен және ұйымдармен әріптестік магистранттарға ғылыми жобаларға, халықаралық бағдарламаларға, тағылымдамалар мен конференцияларға қатысуға мүмкіндік береді.

    Сіздерді осы бағдарламаның алғашқы түлектері болуға шақырамыз!