Тәлімгерлер кеңесі

«Құқық және мемлекеттік басқару жоғары» мектебінің тәлімгерлер кеңесі алқалы, кеңесші орган болып табылады, ол аталған мектептің студенттері үшін тәлімгерлікті ұйымдастыруға, студенттер алатын білімді, іскерлікті, дағдыларды және әлеуметтік құзыреттерді іс жүзінде қолдануға баса назар аудара отырып, білім беру бағдарламаларының сапасын арттыруға көмек көрсетуді қамтамасыз етеді.
«Құқық және мемлекеттік басқару жоғары мектебі» мен жұмыс берушілер және жеке тәлімгерлер арасында бірлескен қолданбалы ғылыми зерттеулерді және тиімді өзара іс-қимылдың басқа да нысандарын жүргізуді негіздейді.

ҚжМБЖМ- гі студенттердің тәлімгерлігі - бұл студенттер мен тәлімгерлердің өзара әрекеттесу процесі, яғни, оның мақсаты - тәлімгердің тәжірибесі, студенттерге білім беру, зерттеу жүргізу және қоғамдық іс-шараларға қолдау көрсету болып табылады.