Қожахмет Санат Темірғалыұлы – PhD, қауымдастырылған профессор, Сулейман Демирель атындағы Университетінің ғылым бойынша проректоры. Қожахмет С. Т. Лидс Университетін (Ұлыбритания) адам ресурстарын басқару мамандығы бойынша бітірді, Малайя Университетінде (Малайзия) докторантура бағдарламасын сәтті аяқтады, диссертация қорғап, «Білім басқару» мамандығы бойынша PhD дәрежесін алды. Педагогикалық жұмыс тәжірибесі (оқытушылық) – он жылдан астам.
Жарияланымдар: 10-нан астам ғылыми жарияланымдардың авторы, оның ішінде Personnel Review Journal (Emerald – баспасы), Journal of International Management (Elsevier – баспасы), Studies in Higher Education (Taylor & Francis – баспасы), Technology in Society (Elsevier – баспасы), International Journal of Human Resource Management (Taylor & Francis – баспасы), Journal of Workplace Learning (Emerald – баспасы) және т.б. рецензияланатын журналдардағы мақалалар және докторантура бағдарламасының (PhD) студенттеріне арналған «Анализ качественных данных» және «Анализ количественных данных» оқу курстарының әзірлеушісі.
Зерттеу бағыты: Білімді басқару, Адам ресурстарын басқару, Ұйымдастырушылық мінез-құлық және қолданбалы психология.