Applied mathematics in digital economy

  • Бағдарламаның сипаттамасы

    Бағдарламаның мақсаты

    "Сандық экономикадағы Қолданбалы математика" білім беру бағдарламасының мақсаты – математикалық ойлау мәдениетіне ие және математикалық модельдеу жүйелерді қолдана отырып cандық экономика міндеттерін шеше алатын қолданбалы математиктерді дайындау.

    Ұзақтығы-4 жыл

    Бағдарламаның ерекшеліктері

    Әлеуетті талапкерлер мемлекеттік грантқа үміткер бола алады.

    Ұсынылып отырған бағдарлама инновациялық болып табылады, өйткені оқыту іргелі математикалық жүйелерді, математикалық моделдеу және инновациялық ақпараттық технологиялар базасында болжау әдістерін меңгеруді көздейді. Бағдарлама Қазақстан үшін бакалавриат деңгейінде бірегей.

    Студенттер заманауи тілдер мен бағдарламалау технологияларын қолдану арқылы экономикалық есептерді шешу үшін математикалық модельдерді құрастыруды, зерттеуді, интерпретациялауды және оңтайландыруды үйренеді.


    Бұл бағдарлама банктерде, инвестициялық, сақтандыру және консалтингілік компанияларда Деректерді талдаудың қазіргі заманғы әдістерімен (жасанды интеллект/Машиналық оқыту) жұмыс бойынша тар маманды дайындау шеңберінде Экономика, Математика және бағдарламалау саласындағы пәндерді келісілген біріктіруге арналған.

    ОҚУ ТІЛІ: ҚАЗАҚША, ОРЫСША, АҒЫЛШЫНША

Бағдарламаның негізгі пәндері
  • Ойын теориясы және операцияларды зерттеу
  • Экономикадағы дифференциалдық теңдеулер
  • Java тілінде өнеркәсіптік бағдарламалау
  • Стохастикалық процестерді модельдеу
  • Көп өлшемді статистикалық әдістер
  • Ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика
  • Қолданбалы ақпарат теориясы
  • Алгоритмдер және деректер құрылымы
  • Математикалық талдау
  • Аналитикалық геометрия
  • Сызықтық алгебра
  • Үлкен деректер негіздері
  • Актуарлық математика
  • Машиналық оқыту
  • Графтардың қолданбалы теориясы
  • Есептеу математика
  • Экономикадағы деректер базасы
Мансаптық перспективалар:
  • Бағдарламалық қамтамасыз етуді өндіруші қазақстандық және шетелдік жетекші компанияларда
  • Трансұлттық компаниялардың зерттеу орталықтарында
  • Ірі компаниялардың жүйелік интеграторлары мен ат-бөлімдерінде
  • Қазақстандық және шетелдік компаниялар мен мемлекеттік мекемелер
  • Тәуекел менеджері
  • Актуарийлер
  • Білім беру нарығындағы ұқсас бағдарламалармен салыстырғанда, қаржылық және сандық талдаулар, бірақ математика саласындағы терең құзыреттілігі бар, ақпараттық жүйелердің мәліметтері мен принциптерін талдау
Осы бағдарламаны дамыту шеңберінде Академиялық ұтқырлық бойынша бірлесіп оқыту туралы келісім бар.
Heriot-Watt University, Эдинбург, Ұлыбритания ("Actuarial Science" мамандығы бойынша Ұлыбританияда үздік), сондай-ақ М. В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті, Новосибирск мемлекеттік университеті.