Жұмыс беруші ретінде үлкен деректерді(сыртқы деректері) сақтау тәжірибесі бар ірі компаниялар мен ұйымдар, сондай-ақ, IT-компаниялар мен ғылыми-зерттеу ұйымдары, сыртқы деректер орталықтары, қаржы институттары, бөлшек сауда компаниялары, медициналық қызмет көрсетушілер және барлық мемлекеттік органдар мен ғылыми-зерттеу ұйымдары:
- Әртүрлі компаниялардың АТ бөлімшелерінде құрылымдаушы және big data талдаушысы;
- Деректер базасын әзірлеу және техникалық қызмет көрсету бойынша маман;
- Консалтингтік компанияларда үлкен деректерді бақылау жөніндегі маман;
- Бағдарламалық қамтамасыз ету әзірлеуші;
- Oracle Database құрылымдаушысы;
- Ірі компаниялардағы Oracle Database админі;
- Ғылыми-зерттеу ұйымдарында сарапшы-талдаушы.
Қазақстан нарығында мұндай мамандардың жетіспеуі байқалады, сондай-ақ осы бағдарлама аясында алынған білім әмбебап болып табылады және түлектерге шетелде жұмыс істеуге мүмкіндік береді.