Бизнестегі сандық технологиялар: деректерді талдау және шешімдер тәжірибесі

Білім беру бағдарламасы: «Бизнестегі сандық технологиялар: деректерді талдау және шешімдер тәжірибесі»

Дайындық бағыты: ғылыми-педагогикалық
Оқу мерзімі: 2 жыл
  • "Бизнестегі цифрлық технологиялар: деректерді талдау және шешімдер тәжірибесі" магистрлік бағдарламасы АТ-индустриясының қазіргі заманғы сын-қатерлеріне жауап береді: ғылымның, техниканың және экономиканың жаңа салаларында аналитикалық, зерттеу, әдістемелік және технологиялық құзыреттерге ие инновациялық сандық экономика үшін деректер аналитиктерін дайындау. Бағыт деректерді өңдеудің математикалық модельдері мен есептеу алгоритмдерін, жалпы қойылымда да, мамандану саласында да деректерді талдау алгоритмдерін құруды, практикада үлкен көлемді өңдеудің қазіргі заманғы технологияларын пайдалануды күрделі немесе жеткіліксіз құрылымдалған деректерді пайдалануды қамтиды.
Бағдарламаның артықшылықтары
Бағдарлама магистранттарды деректер аналитикасы және тіліне енгізеді. Білім алушылар шешім қабылдау үшін қажетті білімді алу мақсатында деректердің үлкен көлемін талдаудың автоматтандырылған әдістерін жасауды үйренеді. Осы бағдарламаның түлектері таңдалған машиналық оқыту және деректерді талдау салаларында бірегей зерттеулер жүргізуге және алынған нәтижелерді қоғамда, экономика мен бизнес мәселелерді шешу үшін қолдануға бағытталған.
Негізгі пәндер
  • Деректерді талдау (Python, SQL, SAS)
  • Тұрақты даму
  • Тұтынушылық сұранысты талдаудағы сандық технологиялары
  • Big Data Hadoop және Spark
  • Машиналық оқыту процестерін автоматтандыру және тестілеу
  • Деректерді өңдеу және талдау алгоритмдері
  • Web -қосымшалар қауіпсіздігі
  • Бизнес процестерді автоматтандыру үшін деректер мен сервистердің инжинирингі
  • Нейрондық желілер және терең оқыту
  • Деректер қоймасымен жұмыс істеудің қолданбалы аспектілері
  • Бизнес аналитика моделін әзірлеу (SQL)
  • Блокчейн технологиясы
Мансап мүмкіндіктері
Қазіргі әлемде жинақталған деректерді сауатты талдау кез келген компания үшін қажеттілік болып табылады және оның бәсекеге қабілеттілігін арттырады. Бұл мақсатқа жету үшін бірнеше салалардың түйіскен жерінде білімі бар, пәндік салада түсінетін, сондай-ақ бағдарламалау, деректерді сақтау жүйелерімен, статистикалық әдістермен, машиналық оқыту әдістерімен жұмыс істеу дағдыларын кәсіби меңгерген және алынған нәтижелерді визуализациялауға қабілетті бірегей мамандар қажет. Мұндай маман тарихи деректерді талдап қана қоймай, сонымен қатар олардың негізінде болжамдық математикалық модельдерді құруға қабілетті.

Жұмысқа орналастыру

  • Телекоммуникация (ұялы байланыс операторлары)
  • Банктер
  • "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы
  • Логистика (Әуе, ТЖ және тасымалдау мен қоймалаудың басқа түрлері, тауарлар мен қызметтерді есепке алу)
  • Интернет технологияларға негізделген бизнес модельдер
  • Консалтинг
  • Ғылыми зерттеу институттары
  • Жоғары оқу орындарына

Бағдарлама түлектері оқудан кейін зерттеу қызметін табысты жалғастыруға, деректерді зияткерлік талдау алгоритмдерін әзірлеуге және енгізуге, сондай-ақ әзірлеушілер тобын басқаруға мүмкіндік беретін кәсіби құзыреттілік жинағына ие болады. Алынған білім мен дағдылар зерттеу жобаларымен жұмыс істеуде, сондай-ақ көптеген салаларда индустрияның міндеттерін шешуде де, аса көп көлемдегі деректерді сақтау және өңдеу міндеттерінен бастап қоғамдағы әртүрлі процестерді талдау мен болжауға дейін табысты пайдаланылуы мүмкін..

Бағдарлама бойынша қосымша ақпарат алу үшін т. ғ. к., ассоц. профессор Куламбаев Б.О хабарласуға болады: bakhytzhan.kulambaev@narxoz.kz