Білім беру бағдарламаларының тізімі
Қос дипломды бағдарламалар
Шетелдік және резидент емес
Экономика және менеджмент мектебi
Құқық және мемлекеттік басқару мектебі
Цифрлық технологиялар мектебі
Студенттерге
Нархоз Университетінің «Ғылыми кітапхана» Ғылыми-ақпараттық орталығы (бұдан әрі - Ғылыми кітапхана) 1963 жылы ұйымдастырылды және ұзақ даму жолынан өтті.
Ғылыми кітапхананың негізгі міндеті - Университет зерттеушілеріне, оқытушыларына, білім алушыларына инновациялық кітапханалық-ақпараттық өнімдері мен қызметтерін ұсыну арқылы Нархоз Университетінде білім мен ғылымның сапасын
арттыруға ықпал ету.
Бүгінгі таңда ғылыми кітапхананың кітап қоры мемлекеттік, орыс және шет тілдерінде 800 мыңнан астам дананы құрайды. Университет қызметінің бейініне жауап беретін әмбебап қор.
Ғылыми кітапхана пайдаланушылары қашықтағы серверлерде орналастырылған және Университеттің IP мекенжайлары бойынша қолжетімді отандық және шетелдік лицензияланған электрондық ресурстарға қол жеткізе алады, электрондық басылымдардың көлемі шамамен 1 миллион жарияланымды құрайды.
Ғылыми кітапхана қызметкерлері оқырмандарға ішкі және сыртқы мәліметтер базасы бойынша ақпарат іздеуге көмектеседі, студенттерді толық мәтінді электрондық басылымдармен жұмыс істеу дағдыларына үйретеді.