- университеттің, мектептің даму стратегиясын, білім беру бағдарламасының даму жоспарларын іске асыруға белсенді қатысады;
- тиісті лауазымға сәйкес педагогикалық жүктемені толық көлемде орындайды;
- орындаушылық тәртіптің жоғары деңгейін көрсетеді;
- оқылатын пәндер бойынша оқу сабақтарының барлық түрлерін сапалы өткізуді жүзеге асырады;
- курсты аяқтау барысында өзін-өзі бағалауды жүргізеді және оқу материалдарының сапасы мен өзектілігін арттыра отырып, курсты одан әрі дамыту үшін міндеттер қояды;
-ғылыми зерттеулер мен жобаларға қатысып, ғылыми журналдарда, импакт-факторы бар журналдарда, РҒДИ басылымдарында үнемі жарияланып, ғылыми белсенділік танытады;
- білім алушылардың қажеттіліктерін іске асыру үшін қолайлы білім беру ортасын дамытуға жәрдемдеседі;
- кәсіби даму және біліктілікті арттыру бағдарламаларына қатысады;
- оқу процесіне жұмыс берушілерді, кәсіби бірлестіктердің, ғылыми ұйымдардың өкілдерін, шетелдік әріптестерді тартады.
- саланы дамыту саласындағы жаңа трендтерді жариялай отырып, оқытудың интерактивті технологияларын қолданады.