- білім беру бағдарламасының, мектептің, университеттің барлық қызмет түрлеріне белсенді қатысады;
- орындаушылық тәртіптің жоғары деңгейін көрсетеді;
- тиісті лауазымға сәйкес педагогикалық жүктемені толық көлемде орындайды;
- оқылатын пәндер бойынша оқу сабақтарының барлық түрлерін сапалы өткізуді жүзеге асырады;
- курсты аяқтау барысында өзін-өзі бағалауды жүргізеді және оқу материалдарының сапасы мен өзектілігін арттыра отырып, курсты одан әрі дамыту үшін міндеттер қояды;
- ғылыми зерттеулер мен жобаларға қатысып, рецензияланатын ғылыми журналдарда үнемі жарияланып, ғылыми белсенділік танытады;
- білім алушылардың қажеттіліктерін іске асыру үшін қолайлы білім беру ортасын дамытуға жәрдемдеседі;
- кәсіби даму және біліктілікті арттыру бағдарламаларына қатысады;
- оқыту мен үйретудің интерактивті әдістерін, оның ішінде ақпараттық технологияларды қолдана отырып, таңдауға, бейімдеуге және қолдануға қабілетті;
- оқу процесіне жұмыс берушілерді, кәсіби бірлестіктердің, ғылыми ұйымдардың өкілдерін, шетелдік әріптестерді тартады.