- университеттің академиялық саясаты мен басқа да ішкі құжаттарының талаптарын сақтай отырып, оқытудың неғұрлым тиімді нысандары мен әдістерін, жаңа педагогикалық технологиялар мен техникалық құралдарды пайдалана отырып сабақтарды өз бетінше өткізу;
- оқытылатын пәндер бойынша оқу-әдістемелік материалдарды, оның ішінде жұмыс оқу бағдарламаларын (силлабустар) және т.б. дайындау;
- мектеп пен университеттің ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысу;
- мектеп пен университеттің іс-шараларына, оның ішінде әлеуметтік-имидждік іс-шараларға қатысу;
- жұмыс берушілермен, кәсіби бірлестіктердің, ғылыми ұйымдардың өкілдерімен ынтымақтастықта болу және өзара әрекеттесу;
- біліктілікті арттыру жөніндегі іс-шараларға мерзімді түрде қатысу.