· Университеттің, мектептің даму стратегияларын, білім беру және басқа да жоспарлы бағдарламалардың, стартегиялық құжаттардың даму жоспарларын іске асыру жұмысына белсенді қатысады;
· Тайм-менеджмент пен орындаушылық тәртіптің жоғары деңгейін көрсетеді;
· Білім алушылардың қажеттіліктерін іске асыру ушін білім беру ортасындағы қолайлы ортаны дамытуға ықпал етеді;
· Лауазымына сәйкес педагогикалық жүктемені толық көлемде орындайды;
· Университеттің, департаменттің және бағдарламаның барлық қызмет түрлеріне қатысады;
· Әріптестермен өзара іс-әрекет жасай отырып, ҚР МЖМБС, бағдарлама паспорттары, элективті пәндер каталогтары, Академиялық күнтізбе, силлабустар, басқа да сыртқы және ішкі құжаттар арасындағы байланысты түсіне отырып, әдістемелік материалдарды әзірлеуге қабілетті;
· Электрондық оқулықтар, құралдар әзірлеуге қатысады;
· Студенттерді қызықтыратын, нақты практикалық міндеттерге сүйенетін, сыни ойлауды дамытатын және студенттердің қажеттіліктері мен мүмкіндіктеріне сәйкес келетін оқу пәндерінің бағдарламаларын және олармен байланысты ресурстарды әзірлеуге және жүзеге асыруға қабілетті;
· Білім беру мен оқыту әдістерін, оның ішінде ақпараттық технологияларды, аралас және қашықтықтан оқыту технологияларын қолдана отырып таңдауға, бейімдеуге және қолдануға қабілетті;
· Әзірленген және бекітілген әдістемелік нұсқаулардың талаптарын ескере отырып сабақтарды өзі өткізеді;
· Білім беру процесінде инклюзивтілікті қамтамасыз етуге ықпал етеді;
· Заманауи жабдықтарды, техникалық құралдарды, бағдарламалық қамтамасыз ету құралдарын қолданылады;
· Зерттеу міндеттерін қою мен шешу үшін теориялық және практикалық білімді өзі пайдаланады;
· Жыл сайын өтетін оқыту сапасын бағалау мен мониторинг жасау, кәсіптік жетістіктер мен нәтижелерді шолу жасау шараларына қатысады;
· Университет, департамент, мектеп пен бағдарлама деңгейінде кәсіби даму және біліктілікті арттыру бастамаларына қатысады;
· Оқу-тәрбие процесіне жұмыс берушілерді, кәсіби бірлестіктердің, ғылыми ұйымдардың өкілдерін, шетелдік әріптестерді тартады;
· Университеттің имидждік жобаларына/іс
-шараларына қатысады.