- Университеттің, мектептің даму стратегияларын, білім беру бағдарламаларының даму жоспарларын және басқа да жоспарлы және стратегиялық құжаттарды іске асыруға белсенді қатысады;
- Тайм-менеджмент пен атқарушылық тәртіптің жоғары деңгейін көрсетеді;
- Білім алушылардың қажеттіліктерін іске асыру ушін білім беру ортасындағы қолайлы ортаны дамытуға ықпал етеді;
- Лауазымына сәйкес педагогикалық жүктемені толық көлемде орындайды;
- Университеттің, департаменттің және бағдарламаның барлық қызмет түрлеріне қатысады;
- Әріптестермен өзара іс-әрекет жасай отырып, ҚР МЖМБС, бағдарлама паспорттары, элективті пәндер каталогтары, Академиялық күнтізбе, силлабустар, басқа да сыртқы және ішкі құжаттар арасындағы байланысты түсіне отырып, әдістемелік материалдарды әзірлеуге қабілетті;
- Электрондық оқулықтар, құралдар әзірлеуге қатысады;
- Студенттерді қызықтыратын, нақты практикалық міндеттерге сүйенетін, сыни ойлауды дамытатын және студенттердің қажеттіліктері мен мүмкіндіктеріне сәйкес келетін оқу пәндерінің бағдарламаларын және олармен байланысты ресурстарды әзірлеуге және жүзеге асыруға қабілетті;
- Білім беру мен оқыту әдістерін, оның ішінде ақпараттық технологияларды, аралас және қашықтықтан оқыту технологияларын қолдана отырып таңдауға, бейімдеуге және қолдануға қабілетті;
- Әзірленген және бекітілген әдістемелік нұсқаулардың талаптарын ескере отырып сабақтарды өзі өткізеді;
- Білім беру процесінде инклюзивтілікті қамтамасыз етуге ықпал етеді;
- Заманауи жабдықтарды, техникалық құралдарды, бағдарламалық қамтамасыз ету құралдарын қолданылады;
- Зерттеу міндеттерін қою мен шешу үшін теориялық және практикалық білімді өзі пайдаланады;
- Жыл сайын өтетін оқыту сапасын бағалау мен мониторинг жасау, кәсіптік жетістіктер мен нәтижелерді шолу жасау шараларына қатысады;
- Университет, департамент, мектеп пен бағдарлама деңгейінде кәсіби даму және біліктілікті арттыру бастамаларына қатысады;
- Оқу-тәрбие процесіне жұмыс берушілерді, кәсіби бірлестіктердің, ғылыми ұйымдардың өкілдерін, шетелдік әріптестерді тартады;
- Университеттің имидждік жобаларына/іс-шараларына қатысады.